АҒЫЛШЫН ТІЛІН ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Арипжан Г.Ж. Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Оразхан Н.О.
  • Акешова Н.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.022%20%20%20

Кілт сөздер:

оқу мақсаты, жазбаша қарым-қатынас, жазу тәсілдері, жазу дағдысы, мәселені шешу стратегиялары, жазуды үйрету, оқу үдерісі, жазу сабағы

Аннотация

Аңдатпа. Көптеген артықшылықтарына қарамастан, жазу еркін тілді қолдану кезінде төрт тілдік дағдылардың ішіндегі меңгеруге ең қиын дағды болып табылады. Оқу үдерісінде шетел тілін оқыту процесінің дәстүрлі тәжрибесінде назардан тыс қалған жазу меңгерілетін ең маңызды даңды болып табылады. Жазу – жәй сөздер ғана емес, мағыналы қарым-қатынас құралы. Оқытушылар білімгерлердің жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында жазу сабағын жобалаудың әртүрлі заманауи тәсілдерін, стратегияларын және әдістерін таңдай алады. Сондықтан да оқытушыларосы мәселелердің шешімін табу үшін өздерінің шығармашылық шеберліктерін қолдану керек және де білімгерлердің жазу дағдысын қалыптастыру үшін ең тиімді әдісті дұрыс таңдай білуі керек. Бұл мақалада жазу дағдыларын қалыптастыруға негізделген бұрынғы және қазіргі әдістері мен тәсілдері талқыланады. Сонымен қатар, мақалада Түркістан қаласында орналасқан (Қазақстан) Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқитын білімгерлердің жазу дағдысын дамыту үшін мәселені шешу стратегиялары тәсілінің қолданысы қарастырылады. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – жазу дағдыларын қалыптастырудың кейбір қолданыстағы тәсілдері мен стратегияларын қарастыру және мәселені шешу страгегияларын қолдану бойынша практикалық ұсыныстар жасау болып табылады. Негізгі мәселе – білімгерлерге мәселені шешуге бағытталған жұмыс арқылы стратегияларға сүйене отырып, олардың жазу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік жасау. Зерттеудің әдістемелік бөлігі Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен жүргізілген эксперимент нәтижелеріне арналған. Зерттеу нәтижесі ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқитын білімгерлердің жазу дағдыларын қалыптастырудағы мәселені шешу стратегиялары тәсілінің тиімділігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles