ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Тулебекова А. L.N.Gumilyov Eurasian National University
  • Кусбергенова Ж. L.N. Gumilyov Eurasian National University
  • Алдунгарова А. International Educational Corporation

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.013%20

Кілт сөздер:

білім беру бағдарламасы, талдау, модуль, дағдылар, пән, цифрлық платформа, оқыту форматы, ұсынымдар, құрылыс

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы құрылыс білімін цифрландыру үдерісі 39 білім беру бағдарламасын талдау негізінде қарастырылады. Әдіснамалық базаға түрлі жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен элективтік пәндер каталогтарының контент-талдауы, сондай-ақ пәндерді үш блок бойынша құрылымдық жіктеу енгізілді: конструктивті-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық және цифрлық. Мәліметтерді сандық тұрғыда интерпретациялау үшін статистикалық визуализация әдістері қолданылды, оның ішінде шашырау диаграммаларын құру және пәндердің таралуын талдау. Нәтижелер көрсеткендей, цифрлық компонент барлық талданған бағдарламаларда бар және бұл болашақ мамандарды даярлауда цифрлық элементтердің жүйелі енгізілуін дәлелдейді. Алайда оқыту әдістемесін талдау барысында цифрлық құралдар негізінен визуализация мен жобалау құралы ретінде пайдаланылатыны, ал оларды тәжірибеге бағытталған сабақтарда қолдану шектеулі болып қалғаны анықталды. Алынған деректер негізінде цифрлық практикалық даярлауды кеңейту, IoT және сенсорлық технологияларды интеграциялау, сондай-ақ цифрлық элементтерді болашақ құрылысшыларды даярлаудың тұтас педагогикалық жүйесіне біріктіруге мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру ресурсын құру бойынша ұсыныстар жасалды. Мұндай құрал кәсіби құзыреттерді, сыни және креативті ойлау, цифрлық сауаттылық, коллаборация, коммуникация және рефлексия дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles