Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы
Журнал туралы
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы» журналы, «Педагогика ғылымдары» сериясы
«ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы» ғылыми журналы, «Педагогика ғылымдары» сериясы «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» Акционерлік қоғамының ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Заңы, ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің «Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы №20 бұйрығы негізінде жұмыс істейді.
Мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді тіркеу туралы куәлік: № 15195-Ж, 10.04.2015ж.
Жазылым индексі – 76186.
Журнал ISSN орталығында тіркелген:
- ISSN 2412-2149 Print;
- ISSN 2710-3269 online.
DOI 10.48371/PEDS
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Меншік иесі: «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ (Алматы қ.)
Басылым тілдері - қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік.
Негізгі тақырыптық бағыты: жоғары мектепте мамандарды кәсіби даярлау теориясы мен практикасы, оқытудағы қазіргі білім беру технологиялары, этнопедагогика, мектеп және мектепке дейінгі педагогика.
Таралым аумағы: Қазақстан Республикасы, және алыс шет мемлекеттер.
Журналдың мақсаты - пәнаралық пікірталастарға бастама болу, пікір алмасу, шет мемлекеттер мен Қазақстанның түрлі оқу орындары ұйымдарының зерттеушілері мен оқытушыларының тәжірибесін қорытындылау.
Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінде (COPE) белгіленген қағидаларды (https://publicationethics.org/core-practices), ғылыми зерттеулердегі ұлттық және халықаралық тәртіп ережелерін қолдайды және қолданады.