БЕЙІНДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ВАРИАТИВТІЛІГІ

Автор(лар)

  • А.Т. Есенгельдинова Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
  • М.Л. Анафинова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.021

Кілт сөздер:

лингводидактика, оқыту, терминология, лексика, бейін алдындағы, деңгей, оқушылар, әдістеме, вариативтілік

Аннотация

Қазақстандағы үш тілді білім беру тілдік әртүрлілікті кеңейтуге және оқушыларды жаһандық бәсекеге қабілеттілікке дайындауға бағытталған. Үштілділік жағдайында оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру оқушылардың шет тілін (ағылшын) меңгеру деңгейі мен оны меңгеру арасындағы тепе-теңдікті құруды көздейді. Мұғалімдер оқушылардың белсенді қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ұмтылады және топтық жұмыстағы ынтымақтастықты және басқа оқушылармен өзара әрекеттесуді ынталандырады. Оқу үдерісі оқушылардың пәндік терминологияны меңгеруіне негіз болады. Бұл мақалада ағылшын тілінде өткізілетін пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру мәселелелері, сонымен қатар мұғалімнің сабақтағы жұмысының вариативтілігі және оның оқушылардың шетел тілін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастырумен байланысы қарастырылады. Бұл мақалада шетел (ағылшын) тілінде өткізілетін сабақтарын модернизациялау саласындағы теориялық компоненттер мен тәжірибелік зерттеу бақылаулары ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі сабағын жоспарлаудың, дайындаудың және ұйымдастырудың артықшылықтары мен кемшіліктері, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың ағылшын тілін оқыту мен оқуға деген көзқарасын анықтау. Зерттеу барысында бақылау, мониторинг және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ шет тілін және ESP оқыту әдістемелердің әдеби талдау қолданылды. Мақалада ағылшын тілі пәннің және ағылшын тілінде өткізілетін пәндерінің сабақтарына дайындық және ұйымдастыру сапасын арттыру мақсатында маңызды ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи