МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРС АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ МОДЕЛІ

Автор(лар)

  • Карасёва Л.Н. Кокшетауский университет им.Ш.Уалиханова
  • Джакупова А.Н.
  • Абдолдинова Г.Т. Казахский университет технологии и бизнеса

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.022

Кілт сөздер:

алгоритмдік құзыреттілік, алгоритм, оқу процесі, Geogebra интерактивті геометриялық ортасы, Desmos графикалық калькуляторы, құрастыру тапсырмалары, мектептегі білім, математика

Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту мәселелері қарастырылған. Отандық және шетелдік мұғалімдердің зерттеулері негізінде оқушылардың алгоритмдік құзыреті және оны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту тұжырымдамасы қарастырылған.

Сондай-ақ авторлары математиканы оқытуда оқушылардың алгоритмдік құзыретін дамытуға бағытталған білім беру саласында зерттеулер жүргізетін ғылыми еңбектерге қысқаша шолу жасалды. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) көмегімен оқушылардың алгоритмдік құзыретін дамытудың маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар Geogebra интерактивті геометриялық ортасы және Desmos графикалық калькуляторы туралы түсінік қарастырылады. «АКТ арқылы математика сабағында оқушылардың алгоритмдік құзыретін дамыту бойынша іс-шараларды жобалау» бағдарламасының оқу-тақырыптық жоспары ұсынылды. Бұл бағдарламаны мектептегі оқу үрдісінде қолдану оқушылардың алгоритмдік құзыреті деңгейін арттыруға көп жағдайда оң әсерін тигізуі мүмкін. Эксперимент барысында оқушылардың алгоритмдік құзыретің даму деңгейі туралы ақпарат алынды. Алынған мәліметтер осы бағдарламаны қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді. Нәтижелер ұсынылған бағдарламаның тиімділігін көрсетеді. Geogebra интерактивті геометриялық ортасын және Desmos графикалық калькуляторын қолдану ерекшеліктері туралы қорытындылар жасалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи