ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Автор(лар)

  • М.А. Қасымбекова
  • С.А Жанабай

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.62.3.009

Кілт сөздер:

оқыту әдістері, оқытудың белсенді әдісі, интерактивті әдістер мен әдістемелер, студент, оқытушы

Аннотация

Экономика, саясат, білім және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен даму тұрғысында мемлекет пен қазіргі заманғы нарық өзін-өзі жетілдіруге және үнемі өз бетінше білім алуға және проблемаларды халықаралық деңгейде шешуге қабілетті құзыретті, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды көбірек талап етеді. Бүгінгі таңда еңбек нарығы жоғары білім беруді жаңғыртудың аса қажеттілігін талап етеді. Бұл жағдайда шет тілін оқыту үлкен және маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта шет тілін жоғары деңгейде меңгеру табысты маманның ажырамас атрибуты болып табылады. Осындай сауатты және бәсекеге қабілетті мамандарды оқыту үшін қазіргі білім беру жүйесі оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіруді талап ететіні түсінікті, өйткені ашық, инновациялық, интерактивті болып келетін білім берудегі үрдістер өзгеруде, техникалық құралдардың дамуында үлкен даму орын алып жатыр.

Бұл мақалада шет тілдерін оқыту жүйесіндегі ең тиімді әдістердің бірі-интерактивті әдіс қарастырылады. Ұсынылған материалға сүйене отырып, автор мынандай қорытынды жасайды: оқытудың интерактивті әдісі шет тілдерін үйренуге ынталандырады, командада жұмыс істеуге үйретеді, қарым-қатынас дағдыларын дамытады.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-09-30

Жоба

Раздел

Статьи