COURSERA КӨМЕГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ SOFT SKILLS ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Автор(лар)

  • Исхакбаева Т.Г. КарУ им. Е.А. Букетова
  • Шкутина Л.А.
  • Jan Danek

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.008

Кілт сөздер:

студенттер, қалыптастыру, жіктеу, модель, платформа, жұмсақ дағдылар, Coursera, жаппай ашық онлайн курстар, студенттер, қалыптастыру, жіктеу,, модель, платформа, Coursera, жаппай ашық онлайн курстар, икемді дағдылар

Аннотация

Бұл мақала заманауи жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – студенттердің soft skills дағдыларын қалыптастыруға арналған. Авторлар студенттердің soft skills дағдыларды игеруінің маңыздылығы мен өзектілігін сипаттайды. Мақалада «soft skills дағдылар» терминінің пайда болуының талдауы келтірілген, шетелдік педагогтердің еңбектерін талдау негізінде студенттерді сәтті жұмысқа орналастыру үшін қажетті ең маңызды soft skills дағдылардың жіктелуі жасалды. Мақалада авторлар тағы бір өзекті мәселені қозғайды – soft skills дағдыларды қалыптастыру және дамыту үшін жаппай ашық онлайн курстарды пайдалану, мысал ретінде еліміздің жоғары білім беру жүйесінде танымал болып келе жатқан Coursera платформасы. Мақалада жаппай ашық онлайн курстарға анықтамалар берілген, тарихи талдау жүргізілген, Scopus және Web of Science дерекқорларында зерттеу тақырыбы бойынша әдеби талдау ұсынылған. Авторлар Coursera көмегімен студенттердің soft skills дағдыларын қалыптастыру моделін жасады, олардың әрқайсысы студенттердің soft skills дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға тікелей әсер ететін үш блоктан тұрады. Мақалада академик Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарының Coursera платформасын пайдалану тәжірибесі сипатталған. Авторлар Coursera платформасын пайдаланудың тиімділігін анықтау мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізді, сауалнама 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттерімен академик Бөкетов атындағы ҚарУ педагогикалық факультетінің базасында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша студенттерге және профессорлық-оқытушылық құрамға алған дағдыларын одан әрі дамыту үшін ұсыныстар берілді, сондай-ақ авторлар болашақ педагогтардың кәсіби қызметіне қажетті ең тиімді курстарды таңдау принциптерін ұсынды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи