БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН STEM ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН МЕТА-ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.011Кілт сөздер:
STEM, оқыту, PRISMA, информатика, мета-талдау, тиімділік,, әдістер, болашақ оқытушылар.Аннотация
Бұл мақала болашақ информатика мұғалімдеріне арналған STEM (science, technology, engineering and mathematics) оқыту тиімділігінің мета-талдауын ұсынады. Мета-талдаудың заманауи әдісін қолдана отырып, осы саладағы оқытудың тиімділігіне арналған әртүрлі зерттеулерге кешенді бағалау жүргізілді. Талдау барысында STEM және информатиканы оқытуда қолданылатын әдістер, тәсілдер мен стратегиялар қарастырылды. Мақалада Prisma 2020 жүйелі шолуларына (the preferred Reporting Items for Systematic reviews and Meta-Analyses) қолайлы есеп беру элементтерінің әдісін қолдану зерттеледі. Осының арқасында жалпы саны 859 мақаладан 11 мақала іріктеліп, талданды. Жарамдылық критерийлері тек эмпирикалық дереккөздер негізінде 2019 жылдан 2023 жылға дейін жарияланған журналдарды ескере отырып анықталды.
Негізгі сөздер мен мақала атауларына негізделген әдебиеттің Мета-талдауы нәтижелерді қорытындылауға және жүйелеуге көмектесті. Мақалада сонымен қатар STEM пәндерін оқытуда әртүрлі оқыту әдістерінің маңыздылығы атап өтіледі, бұл оқу процесін жақсартуға және білім алушының қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Біздің мақсатымыз болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үшін оқытушылар қандай тиімді STEM оқыту әдістерін қолдана алатынын анықтау үшін әдебиеттерге әдістемелік шолу жасау болды.
Авторлар негізгі аспектілерді, соның ішінде әдістердің әртүрлілігіне көзқарастарды, оқушылардың мотивациясына әсері мен ұғымдарды түсіну деңгейіне назар аудара отырып, оқу үдерісіндегі жалпы тенденцияларды, табыстар мен қиындықтарды анықтады. Алынған нәтижелерді болашақ информатика мұғалімдері өздерінің білім беру бағдарламаларына біріктіре алатын ең жақсы тәжірибелер мен тәсілдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс болашақ оқытушылар арасында STEM және информатиканы оқыту процесін оңтайландыру үшін құнды ұсыныстар береді.