ЗАМАНАУИ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ САУАТТЫ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.007Кілт сөздер:
ғылыми сауаттылық, генетика, ақпараттық сауаттылық, кәсіби дағдылар, белсенді оқыту технологиялары, зертханалық жұмыс, электронды білім беру ресурстары, генетикалық технологияларАннотация
Ғылыми сауатты қоғам қалыптастырудың алғышарты өскелең ұрпаққа берілген сапалы білім мен тәрбие. Үздіксіз білім беру жүйесінің мазмұны ғылым салаларындағы ашылулармен үнемі жаңартылып отырады. Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті, ғылыми зерттеушілік құзыреттілігі қалыптасқан, кешенді және сыни тұрғыда ойлай алатын білікті мамандарды дайындау. Жаратылыстану ғылымдары қатарындағы қарқынды дамушы саланың бірі – генетика. Генетиканы оқытудағы мәселелерді шешу және оның геномика, биоинформатика және молекулалық генетика сияқты заманауи салаларының әдістерін қазіргі педагогикалық принциптерді қалыптастыру үшін жүйелі әрі сәтті қолдану маңызды. Бұл өз кезегінде, студенттерге кешенді биологиялық ойлаудың бір бөлігі ретінде генетикалық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық ағым жоғары уақытта қоғамдағы этикалық мәселелер, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қатысты сұрақтарға анализ жасау және шешім шығара білу сияқты бірқатар қабілеттерге ие ұрпақ тәрбиелеу заманауи генетикалық білімге қойылатын талаптарды арттырады. Жастардың генетикаға ғылым ретінде қызығушылығын дамытпай, генетикалық технологияларды экономиканың және әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларын оңтайландыру үшін қолдану мүмкін емес. Бұған генетикалық технологиялар саласындағы еңбек нарығын қалыптастыру және дарынды жастар арасында генетикамен байланысты кәсіптердің беделін арттыру арқылы қолайлы жағдайларды қамтамасыз етумен қол жеткізуге болады.
Мақалада генетикалық пәндерді оқытудың кейбір аспектілері мен генетикалық білім беруді оның заманауи тәсілдерін қолдану арқылы дамытудың жолдары қарастырылған. Нәтижесінде, генетиканы оқытудағы өзекті мәселелердің бірі зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі айқындалып, оны шешуде электронды ресурстар жүйесін, жылжымалы және жалдамалы зертханаларды қолдану мүмкінділігі ұсынылады.