ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ

Автор(лар)

  • Кыпшакбай Н.К. Korkyt Ata Kyzylorda University
  • Абасилов А.М.
  • Сулейменова Ж.Н.
  • Тұяқбаев Ғ.Ә.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.021

Кілт сөздер:

кірме сөз, термин, интернационал сөз, педагогикалық эксперимент, SPSS бағдарламасы, білім беруді цифрландыру, әлеуметтік желі, аралас оқыту

Аннотация

Бұл мақалада бір тілден екінші тілге сөз ауысу үдерісі, оның себептері мен шарттары, өзге тілден сөз қабылдаудың заңдылығы мен қағидаттары, сөз алудың ұлттық ұстанымдары мен тәжірибелері қолданыла отырып,  қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістері қарастырылды. Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірнеше оқу орындарында «Ақыметтану» пәні енгізілді. Кірме сөздерге қатысты эксперимент өткізуге осы пәннің таңдап алынуының да өзіндік мәні бар. ХХ ғасыр басында қазақ тілі жазба әдеби тіл ретінде, ғылым тілі ретінде жаңа даму жолына түсуіне А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары еңбек етті. Сол дәуірде алғаш рет қазақ тілінің өзге тілден сөз қабылдаудың ғылыми негіздері, ұлттық ұстанымдары белгіленді. Қазақ тіліндегі кірме сөздерді синхрондық тұрғыдан сипаттап, теориялық негіздеп, эксперимент арқылы оқыту тиімділігін оқыту тәжірибесінен өткізу зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. А. Байтұрсынұлының өзге тілден енген сөз алу қағидаларын ұстана отырып, Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы білім алушыларына педагогикалық эксперимент өткізілді. Пандемия жағдайынан бері оқу үрдісін онлайн, оффлайн және аралас форматта, синхронды және асинхронды ұйымдастыру қалыптасты. Эксперимент барысында онлайн және оффлайн форматта қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдер бойынша жұмыстар жүргізілді. Статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін SPSS Statistics бағдарламасы пайдаланылды және де  авторлық сауалнаманың сенімділігі мен ішкі сәйкестігін тексеру үшін диаграмма, Хи-квадраты және Манна-Уитни талдаулары қолданылды. Осы эксперимент барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: эмпирикалық бақылау жүргізілді және білім деңгейін бағалау үшін анықтаушы және қорытынды сауаланамалар жүргізілді, онлайн және оффлайн форматта қолдануға болатын интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи