БУЛЛИНГКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ РӨЛДІК ҰСТАНЫМЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.023Кілт сөздер:
буллинг, жеткіншектер, рөлдік позициялар, жәбірлеуші,, жәбірленуші, басқарушы, көмекші, қорғаушыАннотация
Әлемдік кеңістікте адамның психологиялық көңіл-күйі, психологиялық денсаулығы, жекелей тұлғалар мен өсіп келе жатқан ұрпақ үшін психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру мемлекеттік деңгейде ғана емес адамзаттың басты мәселесіне айналуда. Бүгінде қоғамда жеткіншектер арасында деструктивті мінез-құлық формалары: терроризм, буллинг, кибербуллинг, агрессивті мінез-құлық, моббинг белең алуда. Әсіресе буллинг, кибербуллинг жеткіншектер арасында жиі кездесетіндігі де бүгінгі сандық көрсеткіштерден белгілі. Мектептегі буллинг мәселелері Америкада 40-50 жыл бұрын, Скандинавия елдерінде өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап қарастырылса, бүгінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына сәйкес кибербуллинг мәселесі туындады.
«Буллинг» белгілі бір индивидтің немесе топтың жекелей тұлғаларға психологиялық тұрғыдағы қысымы, кері әсері, өзгелерде үрей туындату, физикалық немесе психологиялық террор. Буллинг – агрессивті мінез-құлық түрі. Зерттеушілер атап өткендей, денсаулығының нашарлығымен, әлеуметтік мәртебесінің төмендігімен, айқын физикалық ауытқулардың байқалуымен (еріннің жарылуы немесе сенсорлық есту қабілетінің жоғалуы, кейбір фенотиптік ерекшеліктер және т.б.) ерекшеленетін балалар буллингке ұшырайды.
Буллингтің әсерінен жеке тұлға денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келеді, өзін-өзі бағалау деңгейі төмендейді, санасын үрей жаулайды.
Буллингке қатысушылар саналы және санасыз тұрғыда әр түрлі рөлдерді атқарады. Демек мақала булингке қатысушылардың рөлдік бағытын айқындауға арналған. Зерттеу барысында алыс-жақын шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері негізінде буллингке қатысушылардың психологиялық бейнесі құрастырылды, буллинг құрылымы (буллерлер, ізбасарлар, жәбірленушілер, қолдаушылар, пассивті қолдаушылар, қорғаушылар, немқұрайлы қорғаушылар, толықтай қорғаушылар) айқындалды. Е.Г.Норкиннің «Буллинг-құрылым» әдістемесі арқылы эмпирикалық зерттеу жүргізу негізінде буллингке қатысушылардың рөлдік бағыты сараланды. Олар: басқарушы, көмекші, жәбірленуші, қорғаушы, бақылаушы.
Мақалада зерттеуден алынған нәтижелер негізінде оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында ұсыныстар берілді.