ГОМОГЕНДІ ТОПТА ЛЕКСИКАЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.022Кілт сөздер:
лексикалық-тақырыптық топ, модельдеу, лексикалық-семантикалық өріс, гомогенді топ, лексикалық дағды, эксперимент, факультатив, IELTS,, сөздік қорын меңгеруАннотация
Аталмыш мақала ағылшын тілі сабақтарында гомогенді топта лексикалық-тақырыптық модельдеудің негізінде шеттілдік лексиканы оқытуда оқушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастыру мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысының мақсаты гомогенді топта шеттілдік лексиканы оқытуда лексикалық-тақырыптық топтар негізінде оқыту оқушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастырудағы әсерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеуде модельдеу, бақылау, эксперимент сынды зерттеу әдістері қолданылды. Эксперименттік оқыту ағылшын тілінен IELTS факультативі аясында бірнеше тақырыптық модуль төңірегінде төрт аптаға жалғасты. Шеттілдік лексиканы оқытуда лексикалық-тақырыптық модельдеу мен тізіммен берілген сөздердің аудармасы әдісі арқылы оқытылған нәтижелер салыстырылып, сараланды. Лексикалық-тақырыптық модельдер семантикалық, жағдаяттық, коллокациялық белгілерді ескергендіктен оқушы сөзді түсініп, еске сақтап және оны мәнмәтінде дұрыс қолданып, бірден сол сөздің қандай сөз табына жататындығын жаттап алуына зор септігін тигізеді. Лексикалық-тақырыптық модельдеу арқылы жаңа лексикалық тақырыпты меңгертудің төмендегідей артықшылықтары анықталды. Біріншіден, оқушылардың белсенді сөздік қорын кеңейтіп, байытады. Екіншіден, оқушылар мәнмәтінде сөздердің мағыналарын жақсырақ ажыратып, қажетті сөзді таңдап, қолдана алады. Үшіншіден, жаңа сөздер ұзақ мерзімді жадта тезірек сақталады. Төртіншіден, оқушылар антоним, синоним, коллокациялар мен идиомаларды көп, әрі дұрыс қолданады. Бесіншіден, модельдердің дидактикалық мүмкіншіліктерінің арқасында оқушылар жаңа сөздерді айтылым, жазылым, оқылым мен тыңдалым барысында дұрыс қолданып, лексикалық дағдыларын дамытады.