БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДАҒЫ СЫНИ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ: ОНЛАЙН ПІКІРТАЛАСТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Автор(лар)

  • Кумарев Я.А. Карагандинский университет имени Е. А. Букетова
  • Мирза Н.В.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.024

Кілт сөздер:

Сыни ойлау, коммуникация, білім беру, онлайн пікірталас, онлайн оқыту, белсенді оқыту, әлеуметтік өзара әрекеттесу, оқушыларды тарту

Аннотация

Тиімді қарым-қатынас және сыни ойлау дағдылары Табысты мектеп бітірушінің қажетті қасиеті болып табылады. Сыныптағы пікірталас осындай дағдыларды жетілдіру үшін қолдануға болатын тиімді модель екені анық. Бүгінгі таңда онлайн сабақтар кезінде оқушылардың сыни ойлау мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға пікірталастың әсерін қарастыратын зерттеулер жеткілікті түрде жүргізілмеген. Бұл мақалада онлайн пікірталас онлайн сабақтар кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру және оқу процесінде олардың сыни ойлауын қалыптастыру тәсілі ретінде қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстан мектептерінің оқушыларында әлеуметтік өзара іс-қимыл және сыни ойлауды қалыптастыру үшін пікірталас форматында онлайн сабақтар өткізудің артықшылықтарын анықтау және көрсету болып табылады. Қатысушылар мақсатты іріктеу әдісімен таңдалған ағылшын тілінің факультативтік сабақтарына қатысатын орта мектептің 30 оқушысы болды. Деректерді жинау және өңдеу үшін құрылымдық сауалнамалар мен интерпретациялық талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, пікірталасқа қатысатын оқұшылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін көбірек көрсетті, бұл мұғалім талдаудың немесе сұраудың қажеті жоқ ақпараттың жалғыз көзі болып табылатын ескірген оқыту форматына қатысты артықшылық екені сөзсіз. Сонымен қатар, зерттеу барысында оқушылар әлеуметтік өзара әрекеттесу элементтерін көрсетті. Бұл жағымды әсерлер мәдениеттің динамикалық аспектілерін көрсете отырып, жеке және әлеуметтік деңгейлерде көрінеді. Бұл оқыту әдісін пікірталас топтарына негізделген мектепте қолдану осы зерттеудің түпкі мақсаты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи