СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.015Кілт сөздер:
сын тұрғысынан ойлау, студент, зерттеушілік құзыреттілік, ақпараттық сауаттылық, ғылыми-зерттеушілік жұмыс, топтық жұмыс, ықшам сабақ, толық сабақ жоспарыАннотация
Аталмыш мақалада сыни тұрғысынан ойлау стратегиясының білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамытудағы рөлі айқындалады. Зерттеуде ғылыми зерттеуге бағытталған оқытудың студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіріп, студенттердің белсенділігін арттыратын оқыту түріне жататыны туралы баяндалады. Қорытындылар қысқартылған және толық практикалық сабақтардың нәтижелері бойынша ұсынылған. Сыни ойлау қабілеті бар білім алушылардың әртүрлі дереккөздердегі ақпаратты дұрыс таңдап, талдап, оларға сыни тұрғыдан баға беру біліктілігі дамитыны жөнінде айтылады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің бір түрі ретінде ақпараттық сауаттылықтың анықтамасы беріледі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері түсіндіріледі. Сыни ойлау дағдысы мен зерттеуді жүргізу туралы зерттеген түрлі ғалымдардың идеялары салыстырылып, соның негізінде қорытынды жасалады. Зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру үшін кейбір оқыту формалары мен педагогикалық әдістер ұсынылады. Сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту үшін «Конструктивтік оқыту әдістемесі» сабағы бойынша ықшамдалған сабақ үлгілері бойынша талдау жасалады. 2 түрлі кезең бойынша сабақ жоспары талқыланып, сабақтың табыс критерийі, сәтті/сәтсіз тұстары айқындалып, рефлексиялық талдау жасалады. Алынған нәтижелер студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеті білім алушылардың ақпаратты түсініп, талдап, оған баға беруде маңызды екенін білдіреді.