ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ СТУДЕНТТЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ФИЗИКАДАН КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА БЕЙІМДЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Автор(лар)

  • Масакбаева С.Р. Toraigyrov University
  • Кисабекова А.А. Pavlodar Pedagogical University named after A.Margulan
  • Жетпісбаев Е.К. Pavlodar Pedagogical University named after A.Margulan
  • Нурумжанова К. А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.020

Кілт сөздер:

физиканы оқыту әдістемесі, когнитивті конструктивизмнің дидактикалық жүйесі, оқыту технологиясы, көптілді білім беру, пәндерді оқытудағы Е.И. Пассовтың технологиясы, ағылшын тіліндегі физика, коммуникативті оқыту технологиясы, танымдық үдеріс, педагогикалық университет

Аннотация

Бұл мақалада педагогикалық университетте студенттерді физикадан ағылшын тілінде коммуникативті оқыту технологиясын қолдану тәжірибесі сипатталған. Білім берудің заманауи парадигмасы және жаһандану процестерінің күшеюі жағдайында мұғалімнің табысты жұмысының маңызды факторы, пәндік hard дағдыларымен қатар, тиімді мәдениет аралық коммуникацияларды жүзеге асыру үшін soft дағдылары сұранысқа ие болды. Осыған байланысты ағылшын тілінде әртүрлі арнайы пәндердің оқыту сапасы мен тілдік дайындығын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Сонымен қатар, біздің зерттеуіміз көрсеткендей, негізгі пәндер мен шет тілдерін оқыту сапасы қолданылатын оқыту технологияларының тиімділігіне тікелей байланысты. Шет тілдерін оқытудың білім беру тәжірибесінде Е.И. Пассовтың коммуникативті оқыту технологиясы өзін жақсы дәлелдеді, оның тиімділігі студенттердің танымдық іс-әрекетін бірлескен ортада коммуникативті үрдістерде білім мен дағдыларды тікелей қолдану арқылы белсенділікті арттыуға байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – Е.И. Пассов технологиясын коммуникативті-танымдық тапсырмаларды қолдана отырып, физикадан дидактикалық мазмұнды құру негізінде физиканы ағылшын тілінде оқуға бейімдеу. Зерттеу нәтижелері: бейімделген технология студенттердің ағылшын тілінде физикадан білімдерін меңгеру тиімділігін арттыруға ықпал етті және олардың мәдениет аралық коммуникацияларды меңгерудегі құзыреттілік деңгейін арттырды.

Зерттеу нәтижелерін тексеру эксперименті Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Физика» білім беру бағдарламасы негізінде жүргізілді. Физиканы оқытуға және коммуникативтік технологиялар арқылы сабақта ынтымақтастық орта құруға негізделген тілдік құзыреттіліктерді дамытудағы бұл тәсіл оқушылардың физика білімін ағылшын тілінде меңгеру тиімділігін және оқушылардың ағылшын тілі бойынша құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Болашақта бұл технологияларды басқа да физикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытуда қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи