МАГИСТРАТУРАДА ШЕТЕЛ ТІЛІ ПЕДАГОГТЕРІН ДАЯРЛАУ БОЙЫНША КӘСІБИ-САЛАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ӨЗЕКТЕНДІРУ (АВИАЦИЯЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Бегимбаева М.Г. КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Кульгильдинова Т.А.
  • Серикбаева У.
  • Танкыбаева М.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.004

Кілт сөздер:

құзыреттілік, шеттілдік кәсіби-салалық құзыреттілік,, мәнмәтіндік оқыту, авиациялық ағылшын тілі, IV деңгейі, ХААҰ, болашақ мұғалім, авиаторлар

Аннотация

Жаһандану және әртүрлі салалардағы, соның ішінде авиациядағы халықаралық байланыстардың кеңеюі дәуірінде кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін меңгеру деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Мақалада ХААҰ (Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы) талаптары бойынша авиациялық ағылшын тілі деңгейінің шкаласына сипаттама беріледі. Осы салада жұмыс істейтін авиаторлар IV деңгейді меңгеруі арқылы ғана жұмыс жасауға мүмкіндік алады (барлығы алты деңгей). Қазақстан Республикасында авиаторларды ХААҰ деңгейінде ШТ (шетел тілі) меңгеруге даярлау мәселесі авиаторлардың метатілін меңгерген шетел тілі педагогтарын даярлауды талап етеді. Сондықтан, бұл мақалада магистратурада шетел тілі педагогтарын ХААҰ шеңберінде авиациялық ағылшын тілін меңгерудің нақты модулі бойынша зерттеулер жүргізілді. Осы модульді іске асыру үшін ХААҰ шеңберінде "ұшқыш – диспетчер"арнасы бойынша IV деңгей зерттелді. Мақалада кәсіби қарым-қатынас жағдайларын модельдеу бойынша шетел тіліндегі жаттығулар қарастырылады. ШТ сабақтарында студенттерге ұшу кезеңдерінің фрагменттерін қайта құру ұсынылады, сондай-ақ экипаж мүшелері мен авиадиспетчердің өзара іс-қимылын талдау пысықталады, бұл білім алушылардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын модельдеу, ұшу кезеңдерінің фрагменттерін қайта құру, сондай-ақ экипаж мүшелері мен авиадиспетчердің өзара іс-қимылын талдау білім алушылардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мәнмәтіндік оқыту технологиясы негізінде болашақ шетел тілі педагогтарының кәсіби-салалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары қарастырылды. Мақаланың мақсаты-мәнмәтіндік оқыту технологиясы негізінде кәсіптік-салалық құзыреттілікті қалыптастыруға байланысты негізгі ұғымдарды қарастыру және кәсіптік бағдарланған тілді оқыту процесін оңтайландыру міндетін ескере отырып, авиациялық ағылшын тілі бойынша мазмұн құрылымы мен мазмұнына лингво – дидактикалық негіздеме беру. Осы мақсатта зерттеу сараптамасына дейін сауалнамадан өткен педагогикалық білім беру бағдарламасының магистранттарымен жүргізілді. Мақалада жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін осы сауалнаманың нәтижелері келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи