ТУРИЗМ МАМАНДАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.004Кілт сөздер:
коммуникативті дағдылар, танымдық дағдылар, туризм, ағылшын тілі, эксперимент топ, бақылау топ, сыни ойлау, әдістерАннотация
Қазіргі таңда туризм саласының қарқынды дамуына байланысты білім беру саласына біршама өзгерістерді енгізу қажеттілігі туындауда. Нақтырақ айтар болса, туризм саласындыға білім беру жүйесіне студенттердің білімін және коммуникативті-танымдық дағдыларын арттыруға септігін тигізетін оқү-құралдар мен түрлі тәсілдер тиімді қолдану басты назарға алынуда. Бұл мақалада, авторлар "6B11101 - Туризм" мамандығында оқитын 2 курс студенттеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған зерттеу жұмысы 3 айға созылып, 70 студент қамтылды. Студенттердің екі тобы құрылды: бақылау тобы (оқытудың стандартты әдістері алынды) және эксперименттік топ (коммуникативті-танымдық дағдыларын жақсарту үшін арнайы оқу бағдарламасы алынды). Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты туризм студенттерінің коммуникативті-танымдық дағдыларын дамытып, ағылшын тілінде білімдерін жетілдіру болды. Сол себепті, арнайы оқу-құралы құрастырылып, сын тұрғысынан ойлау әдістері мен тәсілдері қолданылды. Студенттердің нәтижелерін түсіну және салыстыру үшін зерттеу жұмысында алдын-ала тестілеу және тестілеуден кейінгі нәтижелер алынды. Қолданылған әдістер туризм студенттерінің коммуникативті және танымдық қабілеттерін жақсартуда тиімді деп танылды. Зерттеу барысында жасалған оқу құралы ағылшын тілі мұғалімдеріне оны туризм мамандарының білім беру бағдарламаларында қолдануға мүмкіндік береді және оны туризм студенттері үшін практикалық жұмыс ретінде пайдалануға болады.