БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

Автор(лар)

  • Ахметова М.К. Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана
  • Джандильдинов М.К.
  • Ерсултанова Г.Т.
  • Жылтырова Ж.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.008

Кілт сөздер:

шеттілдік білім беру, болашақ ағылшын тілі мұғалімдері, кері байланыс сессиясы, мұғалімдердің көзқарасы, кері байланысты басқару, өзара оқыту сабақтары, оқытушы-нұсқаушы, бағалау

Аннотация

Мақалада болашақ мұғалімдерге микросессиялар кезінде берген кері байланыстың әсерін анықтауға және олардың кері байланысты қабылдауын зерттеуге бағытталған. Зерттеу мәліметтерін алу үшін сапалы әдіс қолданылды. Зерттеу ағылшын тілінің 40 болашақ мұғалімдерімен ашық сұхбаттасу және рефлексиялық эсселер мен микросессиялардың бейнематериалдарын мұқият зерттеу арқылы жүргізілді. Микросессиялар кезіндегі тілдің формаларын, функцияларын және олардың кері байланысты қабылдау кезіндегі әсерін анықтау үшін дискурстық талдау жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, оқытушы студенттермен критикаға қатысты келісімге келу және сынды жеңілдету үшін сыпайылық стратегияларын қолданды. Сонымен қатар, кері байланыстың берілу формасы оқушылардың оны қаншалықты жақсы есте сақтайтынына әсер етті. Жадыда сақтаудың ең тиімді әдісін көрсететін бірінші стратегия бұл сынды айтқаннан соң, ол мәселелерді туындатқан себептермен қатар олардың мүмкін болатын шешімдерін талқылау. Екінші орында, оқытушының арнайы сынды табу үшін бағытталған сұрактарына жауап беру арқылы болашақ мұғалімдердің өздерінің жүргізген сабақтарынан мәселелерді өздігінен анықтауы кері байланыстың жадыда ұзақ сақталатынын көрсетті. Сонымен қатар, кері байланыстың тиімділігі туралы пікірдің уақытқа байланысты өзгермелі екендігі анықталды. Әдетте, болашақ мұғалімдердің дәл микросессиядан соң кері байланыстың пайдалылығы жайлы берілген пікірі, оларға бұл кері байланыста берілген сынды қорытып және түсінуге бөлінген уақытқа қарағанда төмен болды. Қорытындылай келе, ашық сабақтарды өткізіп қана қоймай, сонымен қатар оларға дайындалу және әріптестерінің сабақтарын пассивті түрде бақылау маңызды оқытушылық дағдыларды дамытуға ықпал етуі мүмкін екендігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи