КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ КАРЛ ОРФТЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МУЗЫКАЛЫҚ СУЫРЫП-САЛМА ЖҮЙЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.020Кілт сөздер:
қарапайым музыкалық шығарма,, музыка, балалар, кіші жас, әдістеме, музыка сабағы, зерттеу, Карл ОрфАннотация
Мақалада Карл Орфтың қарапайым музыкалық суырып-салма жүйесі балалардың музыкалық қабілетін дамытуға қалай әсер ететіні жөніндегі мәселелер қарастырылған. Сондай-ақ осыған байланысты баланың эмоционалдық көңіл күйі және әртүрлі музыкалық әрекеттерге қатысу қажеттілігі маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мұғалімнің сабаққа жақсы көңіл күймен, ерекше дайындықпен келуі музыка сабақтарының сапасына әсер етіп, оқытылатын және орындалатын музыкалық репертуардың мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері оқушылардың эмоционалдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жүргізілген зерттеулер дәлелдеді. Б. М. Тепловтың пайымдауынша, эмоционалдық белсенділік балалардың бойындағы музыкалық қабілет пен музыкаға бейімділіктің басты белгісі болып табылады. Сондықтан қарапайым музыкалық суырып-салма жасауды үйрететін сабақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру педагог шеберлігіне де байланысты.
Карл Орфтың «Шульверк. Балаларға арналған музыка» деген танымал әдістемесінен бастау алатын педагогикалық шығармашылығын ғылыми тұрғыда негізделген деп санауға болады. Уақыт сынынан өткен және әлемнің көптеген елдерінде танымал «Орф педагогикасы» қазақстандық мектептердің музыкалық білім саласында да сұранысқа ие болып отыр. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуына, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны адамгершілік-эстетикалық тұрғыда қабылдауына әсер ететін қарапайым музыкалық суырып-салма жүйесінің бірегейлігін ғалымдар зерттеулерінде дәлелдеген.
К. Орфтың педагогикалық идеяларын жалғастырушы ізбасарларының бірі Т. Е. Тютюнникова балалардың бойында зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалдық, педагогикалық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін қызмет салаларын атап өтті. Карл Орф сияқты ол да баланы музыкалық-шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеу идеясын қолдайды.
Мақала авторы жеке іс-тәжірибесіне, сондай-ақ өзі жетекшілік еткен университет бітірушілердің диплом жобаларына сүйене отырып, Карл Орфтың педагогикасы өмірдің барлық кезеңінде қажет екеніне сендіреді. Шын мәнінде, бұл кіші жастағы балалардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға және музыкалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.