МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.037Кілт сөздер:
инклюзия, бағалау критерийі,, зерттеу, бағалау, әдістер, білім, мүмкіндігі шектеулі, өлшемдер, көрсеткіштерАннотация
Мақалада мүмкіндігі шектеулі білім ордаларында білімгер немесе білім алушылардың жеткен жетістіктерін бағалаудың өзекті мәселесі талқыланады. Авторлар қазақстандық Инклюзивті тәжірибеде білім беру нәтижелерін бағалау жүйесіндегі бар қайшылықтарды сипаттайды. Инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың мониторингтік зерттеулері мен жарияланымдарының деректері не берген мәліметтері негізінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім жетістіктерін критериалды бағалаудың ең жиі қолданылатын құралдары анықталды. Зерттеу нәтижесінде инклюзивті білім беру процесінің әртүрлі субъектілерінің қызметін бағалаудың мүмкін параметрлері жүйесі ұсынылған. Білім алушылардың тілдік пәндер бойынша академиялық жеткен жетістіктерін бағалау критерийлері Блум таксономиясына негізделіп жасалған. Оқушылардың академиялық жетістіктерін бағалау критерийлері білім берудің барлық деңгейлерінде әзірленген. Білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерінің жоспарланған оқу мақсатына сәйкестік дәрежесін белгілей отырып, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бұрын белгілі өлшемдерге сәйкес білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау жалғасуда. Бүгінгі таңда ең күрделі мәселе инклюзивті немесе мүмкіндігі шектеулі білім ордасындағы оқушылардың жетістіктерін бағалау болып табылады, бұл бірқатар қайшылықтардың шиеленісуіне әкеледі: - педагогикалық мониторингтің тұлғалықбағдарланған жүйесін құрудың объективті қажеттілігі мен қазіргі білім берудің оқу жетістіктерін бағалауға бағдарлануы арасында.
Сонымен қатар, білім алушылардың жеке басы емес, тек жұмыстары бағаланады; білімгерлердіің жұмысы басқа білім алушының жұмысымен емес, эталонмен (өте жақсы орындалған жұмыс түрі) салыстырылады; стандарт білім алушыларға алдын-ала белгілі болады. Сіз бұрын оқытқан нәрсені ғана бағалай аласыз, сондықтан бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрінісі болып табылады.