АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТҚА ШОЛУ

Автор(лар)

  • Гаипов Д.Е. Сулейман Демирел университеті
  • Тулепова С.Б. Сулейман Демирел университеті
  • Бектурова М.Б. Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай Хана
  • Жампейіс Қ.М. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.013

Кілт сөздер:

ағылшын тілінде оқыту, қазақстандық жоғары білім, академиялық саясат, құжаттарды талдау, интернационалдандыру, институционалдық саясат, контент-анализ, оқу жоспарын әзірлеу

Аннотация

Болон декларациясының талаптарына сәйкес болу мақсатында және жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне сәтті интеграциялау ұшін Қазақстан үкіметі мемлекет бойынша білім беру саласында оқыту құралы (EMI) ретінде ағылшын тілін жылдам енгізуге кіріскен. Бұл мақалада қазақстандық жоғары білім беруде, атап айтқанда, толық және ішінара EMI бар 11 университетте EMI енгізуге байланысты академиялық саясатқа жан-жақты шолу берілген. EMI студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, ғылыми ынтымақтастық, халықаралық рейтинг сияқты интернационалдандыру мақсаттарына қол жеткізу құралы болып саналады. Зерттеу әдісі ретінде жалпыға қол жетімді институционалдық саясат құжаттарын және университеттердің ресми веб-сайттарын талдау қолданылды. EMI бағдарламаларын жүзеге асыратын кейбір Қазақстандық университеттер интернационалдандыру процестерін, оқуға түсуге қойылатын тілдік талаптарды, студенттерге тілдік қолдаудың қолжетімділігін және интернационалдандырылған оқу жоспарларын көрсететін нақты институционалдық саясатты белгілегенімен, басқа университеттер бұл процестер туралы маңызды ақпарат бермегендігі айқындалды. Жоғарыда аталған құжаттарды талдау тиісті академиялық саяси қолдаудың жетіспеушілігін  анықтады. Бұл нәтиже EMI енгізуінің тиімділігіне кедергі келтіруі мүмкін. Осылайша, зерттеу нәтижелері ЖОО-ның институционалдық академиялық саясаттарында EMI енгізу процестері қалай көрсетілетіні туралы түсінік береді және процестің барлық мүдделі тараптар үшін тиімді болуы үшін анықталған олқылықтарды жою қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді.

Автор биографиялары

Гаипов Д.Е., Сулейман Демирел университеті

пед.ғ.к., Сулейман Демирел университетінің қауымдастырылған профессоры

Тулепова С.Б., Сулейман Демирел университеті

ф.ғ.к., Сулейман Демирел университетінің қауымдастырылған профессоры

Жампейіс Қ.М., Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи