ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕТТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.016Кілт сөздер:
құзыреттілік, шеттілдік коммуникативтік құзыреттілік, ынтымақтастық, тәсіл, ынтымақтастықта оқыту, коммуникативтік құзыреттілік, ағылшын тілін оқыту, технология, оқыту технологиясыАннотация
Бұл мақала бастауыш сынып оқушыларының шеттілдік коммуникативтік құзыреттілігін ынтымақтастықта оқыту технологиясы негізінде қалыптастыру мәселесіне арналады. Ынтымақтастықта оқыту - бұл проблемалық мәселені, тапсырманы немесе жобаны шешу үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобын ұйымдастыруды көздейтін шетел тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған тәсілдің бір түрі. Бастауыш сынып оқушыларының шеттілдік коммуникативтік құзыреттілігі ынтымақтастыққа негізделген арнайы ұйымдастырылған топтық жұмыста тиімді қалыптасады. Мақаланың мақсаты бастауыш сынып оқушыларының шеттілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ынтымақтастықта оқыту технологиясының тиімділігін анықтау болып табылады. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру және бақылау) Астана қаласының Мұхтар Әуезов атындағы № 86 орта мектеп-гимназиясының базасында өткізілді. Экспериментке отыз 4-сынып оқушысы қатысты. Әзірленген әдістеме мен кешен студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл оларға білімін өздігімен толықтыруға және оларды саналы түрде қолдануға үйретеді, тілдік материалды меңгеру кезеңдерінде әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытуға, сол арқылы бастауыш сынып оқушыларын орта және жоғары буында шетел тіліндегі жобалық іс-әрекетке даярлауға көмектеседі. Алынған нәтижелер оқушылардың шеттілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда технологияның тиімділігін көрсетті.