БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУҒА ТАРТУ

Автор(лар)

  • Алпысбаева Н. С.1 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Тажинова Г. А. Т І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Асылова Р. О. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Кабдрахманова Г. С. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.011

Кілт сөздер:

нұсқау-курсы, жоспарлау, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, оқу құралдары, педагогикалық білім, инновация,, эксперименттік зерттеу

Аннотация

Мақалада сабақты жоспарлау сапасына оқу процесінде жасанды интеллекттің жаңа құралдарын біріктіруге мектеп мұғалімдерін оқытуға әсерін бағалау мақсатында жүргізілген эксперименттік зерттеу баяндалған. Эксперименттік топқа қатысушылар, авторлар жетілдірген «Revised 26-Item Lesson Plan Evaluation Rating Scale» сабақ жоспарын бағалау шкаласы бойынша сабақ жоспарын құрастыру сапасы тексерілетін, жасанды интеллект негізінде платформалармен жұмыс бойынша екі апталық оқыту нұсқау-курсынан өтті. Оқыту курсы Insou, ChatDox, SkillsUp платформалармен жұмыс істеуге үйретуді қамтыды. Бақылау топтарында эксперименттік әсер болмады, алайда қатысушылар ұқсас тесттен өтті. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бақылау тобына қарағанда, эксперименттік топтың сабақ жоспарының орташа баллы жоғары болды. Эксперименттік жағдайға қатынасы мен сабақ жоспарын құрудың өте жоғары сапасының арасында оң байланыс атап өтілді. Өткізілген курсқа қатысқан мұғалімдерден оң пікір алынды. Курстың оқу бағдарламасы тек оқу үрдісін құрудың бұдан да жоғары стандарттарын өтуге ғана емес, сонымен бірге кері байланыстың тиімділігі мен оқушылармен өзара іс-әрекетті де қамтитын басқа педагогикалық іс-әрекетке жағымды әсер етті. Авторлар оқу процесін жоспарлау мен оқыту сапасын көтеруіне ықпал ететін оқу бағдарламаларын құрастыру мен педагогтардың кәсіби дамуына инвестицияның маңыздылығына назар аударады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи