БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.008Кілт сөздер:
педагог-психологтарды даярлау, құзыреттілік,, коммуникативті құзыреттілік, студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру бағдарламасы, нормативті құжаттар, стратегия, кәсіби іс-әрекетАннотация
Болашақ педагог-психологтардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру - қазіргі таңда орын алып жатқан сан алуан өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне аяқ басуын қажет етеді. Аталған мақалада университетте 6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша педагог-психологтарды даярлау үдерісінің теориялық және практикалық негіздерін зерттеу нәтижесі болып табылады. Коммуникативті құзыреттілік білім беру үдерісінің негізі ретінде, болашақ педагог-психологтардың университетте оқу барысында кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Білім беру саласындағы өзгерістер болашақ мамандардың кәсібилігі мен кәсіби құзыреттілігін жаңаша түсінуді талап етеді, яғни педагогтың өз өзінің кәсіби дамуына қызығушылық танытуы керек.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде педагог-психологтарды даярлау стратегиясы құзыреттілік тәсілдің басымдылығына негізделіп, кәсіби әрекет ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Білім беру бағдарламасы бойынша педагог-психологтарды даярлау күрделі, әрі көпқырлы үдеріс. Зерттеу барысында 6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметте ең қажетті және жеткілікті деген құзыреттілігі алғаш рет анықталып, оларға сипаттама берілді, оқу үдерісінде тексерістен өтті және оны даярлау барысында білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр кәсіби іс-әрекет түрлерін сапалы орындауға құзыреттілік тәсілді қолданудың маңызы өте зор. болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттілігі түсінігі нақтыланып, құзыреттіліктің құрылымы мен оларды қалыптастыру негіздері баяндалған, болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру нәтижелері көрсетілген. Осыған орай, кәсіби іс-әрекет түрлерін атқаруға қажетті кәсіби құзыреттілікті анықтап, оларға сипаттама беріп, оқу үдерісінде құзыреттілікті игеру жолдарын көрсету зерттеуіміздің мақсаты болып табылды.