МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ: АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫ МЕН ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.016Кілт сөздер:
мәдениетаралық азаматшылық, мәдениетаралық құзыреттілік, мұғалімдер, қабылдау, әдіс / тәсілдер, бағалау, ресурстарАннотация
Мәдениетаралық білім берудің негізгі мақсаты – жаһандық қоғамның табысты және тұрақты дамуы үшін қажетті студенттердің дағдыларын, құндылықтары мен көзқарастарын дамыту. Студенттердің мәдениетаралық азаматтықты дамыту қазіргі заманғы шет тілін оқытудың жаңа бағыты болып табылады, ол осы салада бірқатар зерттеулер жүргізу және оқыту тәжірибесін талдау қажеттілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты - ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің “мәдениетаралық азаматшылық” концептін түсіну және олардың студенттердің мәдениетаралық азаматшылықтарын дамыту үшін пайдаланатын оқыту әдістерін зерттеу. Деректер ашық және жабық сұрақтардан құрылған онлайн-сауалнамалар арқылы жиналды. Сауалнамаға Қазақстанның екі жоғары оқу орнынан 23 ағылшын тілі пәні оқытушылары қатысты. Зерттеу нәтижесінде мәдениетаралық азаматшылық түсінігімен байланысты басқа адамдарға құрмет пен жайдарылық, эмпатия, шыдамдылық, гуманизм және мәдениетаралық диалогқа қатысу сияқты санаттар айқындалды. Зерттеу шеттілді білім беру үдірісіне мәдениетаралық азаматшылық компонентің біріктіруімен байланысты оқыту әдістері шектеулі екенін көрсетті. Кейбір қатысушылар студенттердің мәдениетаралық азаматшылықтарын дамыту үшін арнайы-бағытталған әдістемені қолданбайтындарын атап өтті. Бұдан басқа, қатысушылар тиісті оқыту материалдарын іздестіруіне байланысты мәселелері жайлы айтты. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық маңызы бар. Оларды жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу кезеніңде, жаңа оқу материалдарын жасау және студенттерді мәдениетаралық деңгейде белсенді өзара әрекеттесуге дайындауға бағытталған оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін пайдалануға болады.