АҚАДЕМИЯЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МӘНІ

Автор(лар)

  • Данабекова А.Б. ablai khan kazakh university of international relations and world languages
  • Кунакова K.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.008

Кілт сөздер:

академиялық коммуникация, коммуникативті құзыреттілік, бәсекеге қабілеттілік, тілдік емес мамандықтар, дискурс

Аннотация

Қазіргі білім беру жүйесі дайын білімді қабылдауға емес, өздігінен ізденуге бағытталған. Заманауи маманның жұмысына қажетті ақпарат көлемі күннен-күнге артып келеді, сондықтан мектеп бітіруші әрқашан даму мен жетілдіру үдерісінде болуы керек. Халықаралық қатынастардың жиілеген тұсында кез-келген ортада еркін сөйлесе алатын, ойын жүйелі де мазмұнды шет тілінде жеткізе алатын және жиырма бірінші ғасырда әрбір өскелең ұрпақтың бойынан табылуы тиіс дағдыларды толық меңгерген жастарды қалыптастыру – бәсекеге қабілеттіліктің талабы. Осы талаптарға жету үшін студенттердің алдында академиялық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру міндеті тұр. Мақалада академиялық коммуникативтік құзіреттіліктің мәні зерттеледі және академиялық ортада шет тілінде еркін сөйлесу мүмкіндігі қарастырылады. Мақалада бұрынғы ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып, академиялық коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру және авторлардың академиялық коммуникативті құзіреттіліктің суб-құзыреттіліктері жайлы ақпарат берілген. Сондай-ақ мақалада академиялық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және оның қазіргі кездегі қолданылуы мен маңыздылығы қарастырылады. Осы мәселеге арналған курстар мен зерттеулердің көпшілігі академиялық жазуға арналған, бұл ауызша сөйлеудегі академиялық коммуникацияны жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Бұл жұмыс суб-құзыреттіліктерді жетілдіру арқылы академиялық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи