БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ((WHOQOL-BREF) KAZ) КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУДЫ МЕҢГЕРТУГЕ ЖАСАЛҒАН КУРС НӘТИЖЕСІ

Автор(лар)

  • Б. Ермаханов Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • А. Маршалхан
  • Б. Мухамеджанов
  • Т. Данияров

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.009

Кілт сөздер:

салауатты өмір салты, өмір сүру сапасы, денсаулық, WHOQOL-BREF шкаласы, өмір сүру деңгейі, өмір сүрудің өзіндік жолы, құндылық, спорт

Аннотация

Аталған мақалада зерттелген мәселенің өзектілігі болашақ мамандардың СӨС қалыптастыруда ((WHOQOL-BREF) KAZ) көрсеткіштерін талдауды меңгертуге жасалған курс нәтижесіне байланысты екендігі баяндалған. ДДСҰ-ның мәліметіне қарағанда, салауатты өмір сүру салтын ұстанған әлем елдері өмір сүру жасының, соның ішінде әйелдерде-86,9, еркетерде-81,5, ал орташа көрсеткіш-84,3-ке жеткен. Керісінше, Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда өлім-жітім көрсеткіші 29%, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім-32,7%, обырдан-7,9%, жарақаттан-5,3%-ды құрады.

Осы жағдайларға орай, елімізде соңғы уақыттарда қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75%-ға дейін қамту күтілуде.

Елімізде адамдардың орташа өмір сүру жасы әлемдегі көптеген елдерден артта екенін, бұл жағдайды ҚР-да экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық бағытта іргелі және қолданбалы зерттеу керек екендігін ескерсек, аталған жағдайдан бастау алуы керектігін атап өтуге болады. Тұрғындардың СӨС дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру, бұл олардың денсаулығын қорғау, организмді шыңдау, денсаулығын жақсарту мен нығайтуға деген жауапкершілігін арттыру сияқты міндеттерін ұғындыру мәселелерінің шешуін табуды қажет етеді.

Курстың оқу бағдарламасының нәтижелерін талдау барысында оның мақсаттары мен міндеттері еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері үшін спорт саласында KAZZ шкаласын (WHOQOL-BREF) енгізу және қолдануды жетілдіруге және білім беру жүйесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың моделін қалыптастыру мақсатында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға; оқушылар арасында салауатты өмір салтын тиімді қалыптастыру үшін мұғалімдерге қажетті білім мен әдістемелік дағдыларды беруге; еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру моделін қалыптастыруға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи