БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК САРАПТАМАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор(лар)

  • Оразали Г. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Мекебаев Н.О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.031

Кілт сөздер:

Әдістеме, компьютер, сараптама, оқыту, геометрия, цифрландыру, білім беру, автоматтандылырған оқыту жүйесі

Аннотация

Мақалада білім беруді цифрландыру жағдайында геометрияны оқыту мәселелері қарастырылған. Геометрия бойынша оқыту, оқу және бағалау тәжірибесінде компьютерлер сияқты технологиялық құралдар қолданылады.

Бұл зерттеу геометрияны оқыту мен оқудағы компьютерлік технологияның кейбір аспектілерін интеграциялауды қарастырды. Осы мақсатта «The Geometer's Sketchpad» бағдарламасын қолдану әдістемесін, компьютерлік бағдарламаларды (KPUN) пайдалана отырып, компьютерлік оқулықты, мектеп геометриясын оқытудың әртүрлі кезеңдерінде демонстрациялық бағдарламаларды әзірлеу қарастырылған. Сонымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындарының математика факультеттерінің студенттері үшін «Орта мектепте геометрияны компьютерлік оқыту» курсы құрылды.

Зерттеуде салыстырмалы талдау әдісі, жүйелік әдіс, медиамәтіндерді санаттау және функционалдық-стилистикалық талдау әдісі, контент-талдау әдісі және эксперимент қолданылды.

Компьютерлік оқытудың әртүрлі аспектілеріне арналған көптеген зерттеулерде компьютер бағдарламаланған оқыту идеяларын жүзеге асыратын автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) техникалық негізі ретінде қарастырылады. Әртүрлі АОЖ функцияларын орындайтын оқу бағдарламаларын пайдалану тәжірибесі бағдарламаланған оқыту идеялары негізінде компьютерлік оқытуға тән бірқатар кемшіліктерді анықталды: компьютер қарапайым материалды ғана оқытуға мүмкіндік береді; компьютерлік оқыту оқушының бастамасын дамытуға ықпал етпейді; жауапты бекіту арқылы оқыту интеллектуалдық жаттығуларға негізделген оқудан нашар.

Бұл зерттеудің нәтижелері компьютерлендіруді әрекетті өзгерту үшін негіз ретінде пайдалану оқушылардың жетістіктеріне айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Сондай-ақ геометрияны оқыту мен оқудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері мен шектеулері ашылды. Оқушылардың геометриялық ұғымның мазмұнын дұрыс немесе толық түсінбеуінен, математикалық терминологияны жеткіліксіз меңгергеннен туындаған қиындықтарды жеңуде компьютерлік оқытудың мүмкіндіктері пайдаланылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи