ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛІК БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІ БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Хажгалиева Г.Х. Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
  • Байдалиев K.A.
  • Кударова K.T.
  • Медешова А.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.015

Кілт сөздер:

кәсіби-педагогикалық білім, біліктілікті арттыру, деңгейлік біліктілікті арттыру, кәсіби дағды, кәсіби құзырет, білім беру мазмұны, интербелсенді әдіс, оқыту мазмұны

Аннотация

Бұл мақалада жоғары оқу орындарындағы жас және өндірістік тәжірибелі оқытушылардың кәсіби білімі мен өндірістегі тәжірибесі болуы мен оқу үдерісінде білім алушылардың танымдық және тұлғалық дағдыларын дамытудың кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің түсінік сипатымен тәжірибеленуі арасындағы қайшылықтардың туындауын жоюға бағытталған мәселе көтерілген. Білім алушылардың кәсіби білімімен бірге, жоғарыдағы құзыреттіліктерді дамытуға ықпал ететін жас және өндірістік тәжірибелі оқытушыларға деңгейлік біліктілікті арттыру бағдарламасын жасап, оны үйретудің білім беру мазмұны мен замануи оқытудың әдістемесін құрып, педагогикалық тәжірибеде тексеру болып табылды. Деңгейлік білім беру бағдарламасы үш жылға арналып, оның бірінші оқу модулі білім алушылардың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері мен оқу пәнінің ұйымдастырушылық, дидактикалық және әдістемелік негіздерін жетекшілікке ала білім алушылардың танымдық, тұлғалық құндылықтарын дамытудың замануи белсенді әдістерімен оқыту мазмұнын құруға үйрету болса, екінші оқу модулі тыңдаушылардың дербес инновациялық оқыту әдістерінің дизайнын жасауға, соңғы модуль олардың педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен бағамдау әрекеттерінен құралған.

Сабақтың басындағы әдістемелік тәсілдерге тыңдаушылардың уәжін, психологиялық ахуалын ояту мен жақсартуға тақырып мазмұнына сәйкес белсенді жаттығулар қолдану, мәселелі тапсырмаларды интербелсенді әдістермен орындау, олардың өзін-өзі, өзгені бақылаудың кері байланыс және рефлексия әдістерін  тәжірибелейді. Осы оқыту әдістемесінің тәжірибесін тыңдаушылар тапсырмалар орындап, сол үлгіде өздері де білім алушылардың танымдық, тұлғалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибеге үйренеді. Деңгейлік курстардың аяқталу кезеңінде әрбір тыңдаушы оқу модулдері бойынша жоба жұмыстарын орындау тәжірибесі баяндалған. Авторлар зерттеуді жоғары оқу орындарында оқытушылардың біліктілігін арттыруына, еңбектің теориялық элементтері мен тәжірибесі тиімді оқыту мен үйретуді жетілдірудің бір моделі деп ұсынады.  

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи