МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОНЛАЙН ЖӘНЕ ОФЛАЙН ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • Нечепуренко Е.В. КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова
  • Карлова Э.К.
  • Мырзакожа Д.А.
  • Әлиев Н.Ө.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.021

Кілт сөздер:

офлайн оқыту, білім беру технологиялары, оқыту, аралас оқыту, жоғары білім, медициналық білім, химияны оқыт, онлайн оқыту

Аннотация

Жоғары медициналық білім беру бұрын қашықтан немесе онлайн режимінде жүзеге асырылмаған. Пандемия жылдары бұл жағдайды өзгертті. Онлайн сабақтар тіпті медициналық жоғары оқу орындарында да өткізілетін болды. Біздің мақсатымыз студенттердің пікірі және көзқарасы арқылы онлайн және офлайн оқыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау болды. Бізде семестрдің бірінші жартысында онлайн, ал семестрдің екінші жартысында офлайн режимінде оқыған студенттердің көзқарасымен химия бойынша онлайн және офлайн оқытуды салыстырудың бірегей мүмкіндігі болды. Бұл студенттер химияны оқу кезінде осы оқу форматтарының оң және теріс жақтарын салыстырды. Медициналық оқу орнында оқитын студенттерге арналып, химия пәнін онлайн және офлайн оқыту ерекшеліктері жайлы ақпарат жинауға және салыстыруға арналған сауалнама дайындалды. Білім беру мен білім алудың әртүрлі әдістерін бір адамдар салыстырғандықтан, субъективтіліктің салыстыруға қосқан үлесі теңестірілді. Қазақстандық студенттердің сауалнама жауаптарының нәтижелері талданып, басқа зерттеулердің нәтижелерімен салыстырылды. Зерттеу авторлары студенттердің пікірлері медициналық жоғары оқу орнында білім алатын студенттердің оқу сапасын жақсартудың қол жетімді және заманауи әдістерін әзірлеуге және пайдалануға көмектеседі деп санайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи