БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МОДЕЛІН ҚҰРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.005Кілт сөздер:
Құзыреттілік, зерттеушілік құзыреттілік, зерттеушілік қызмет, зерттеушілік құзыреттілігінің үлгісі, зерттеушілік құзыреттілігін дамытуАннотация
Бұл зерттеудің мақсаты «зерттеушілік құзіреттілік» тұжырымдамасының маңыздылығын анықтау болып табылады. Мақалада болашақ шет тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттілігінің үлгісі қарастырылады. Жоғары оқу орындарындағы болашақ шет тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттілігінің үлгісін құрудың мәні ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес зерттеушілік құзыреттілігін дамыту жолының мақсатын, міндеттерін, ұстанымдарын, тәсілдер мен әдістерін, технологияларын, өлшемдерін, деңгейлері мен нәтижелерін анықтау болып табылады. Сондай-ақ, болашақ шет тілі мұғалімдеріне зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге және зерттеуге негізделген оқытуды жекелендіруге мүмкіндік береді. Зерттеушілік құзыреттілігін арттыруға және оларды білім беру саласына енгізу мақсатында зерттеушілік дағдыларын игергісі келетін мұғалімдер өз құзыреттіліктерін арттыру үшін зерттеуге негізделген оқыту жүйесін қолдана алады. Болашақ шет тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үлгісі әрбір болашақ шет тілі мұғалімі оқу процесінде үйренуі қажетті негізгі ережелерді ұсынады. Блоктың үш бөлігінің маңыздылығы үлгіде көрсетіледі. Зерттеушілік құзыреттілігінің бұл үлгісі зерттеушілік қызмет туралы маңызды ақпаратты көрсетуге арналған және зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жаңа теориялық және әдіснамалық негіздерді ұсынады. Ұсынылып отырған үлгі Қазақстан елінде және бүкіл әлемде ғылыми зерттеулер жұмыстарын жақсартуға ықпалын тигізеді.