САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.029Кілт сөздер:
сандық білім беру ресурстары (СББР), цифрлық білім беру, мультимедиялық құралдар, интерактивтілік, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері,, цифрландыру, бастауыш мектептің оқу процесі, цифрлық сауаттылықАннотация
Бүгінгі таңда бастауыш мектептің өзекті мәселесінің бірі- оқу үрдісін цифрландыру. Бастауыш мектеп мұғалімдері қазіргі қоғамның талабына сай сандық білім беру ресурстарын тиімді ұйымдастыра отырып оқушыларды өзгермелі ақпараттық қоғамға бейімдей отырып кәсіби тұрғыдан өзін құзыретті маман ретінде қалыптастыру маңызды. Сандық білім беру ресурстары мұғалімдерге дидактикалық мақсаттар мен белгілі бір оқу міндеттерін шешуге бағытталған дайын мультимедиялық интерактивті өнім ретінде қызмет етеді. Осы бағытта, зерттеудің мақсаты - сандық білім беру ресурстарын бастауыш мектептің оқыту үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін талдау арқылы болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне дайындау үлгісін ұсыну.
Сандық білім беру ресурстарын шығармашылықпен пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін қызықты әрі мазмұнды безендіруге арналған оқыту үлгісі ұсынылды. Мақалада «сандық білім беру ресурстары», «болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің сандық білім беру ресурстарын пайдалану дайындығы» туралы ұғымдар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау тапты. Тәжірибелік эксперимент жұмыстары болашақ мамандардың сандық білім беру ресурстарын өзін-өзі кәсіби дамыту құралы ретінде меңгеруіне бағытталған «Бастауыш мектепте сандық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі» атты арнайы курс бағдарламасына бағыттар ұсынылды. Зерттеуде теориялық әдебиеттерге, сандық білім беру ресурстары туралы сауалнамасы эмпирикалық әдіс ретінде қолданылды. Зерттеу нәтижелерін елімізді болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану әдістемесінде қолдануға мүмкіндік бар.