ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕУДІҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ САУАЛНАМАСЫНА НЕГІЗІДЕЛГЕН СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • Кариев А.Д. Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Молдаханова М.М.
  • Лекерова Г.Ж.
  • Жунусбекова А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.014

Кілт сөздер:

білім алушылар, ерекше білім беру қажеттіліктері, кешенді тәсіл, әлеуметтік-психологиялық бейімделу, білім беру процесі, қарым-қатынастағы қиындықтар, білім алушылардың бейімделу әдістері,, бейінді мамандар

Аннотация

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтамасыз ету  университеттер үшін кешенді тәсілді және студенттердің жеке басының дамуындағы оқу орындарының рөлін анықтауды талап ететін жаңа міндет болып табылады.

Зерттеу үшін «Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің диагностикасы» (К.Роджерс және Р. Даймонд) және «Бейімделу» (МЛО-АМ) (А.Г. Маклаков және С.В. Чермянин) әдістері қолданылды. Сауалнама М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші курс білім алушылары арасында жүргізілді. Зерттеуге  бірінші курстың 469 студенті қатысты.

Диагностика көрсеткендей, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар қарым-қатынаста, соның ішінде қарама-қарсы жыныс өкілдерімен қарым-қатынас орнатуда қиындықтарға тап болады. Олар басқаларға ашық болғанына қарамастан, перспективалардың жоқтығын сезінеді. Бұл қажеттіліктер қоғамнан қорқу және оқшаулану сезімдерінің қалыптасуына себеп болып, өз-өзіне күмәндануға әкеледі. Алайда, өз күштеріне сенуге тырысқанымен, өз ұстанымдарына сенімді болмайды және бәсекелестікке ұмтылмайды, бұл күресу дағдыларының жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін.

Респонденттер оңтайлы әлеуметтік бейімделуге үміт білдірді және өздерін басқалардан кем деп санамайды. Өзін-өзі бағалаудың төмен көрсеткішінің болмауы олардың жұмыс істеу қабілеті туралы оң жауаптармен және сәтсіздікке қатысты теріс жауаптармен расталады.

«Бейімделу» сауалнамасының нәтижелері бойынша білім алушылардың алаңдаушылық деңгейі жоғары екендігі анықталды. Бұл алаңдаушылық жеке таңдаумен немесе отбасының әсерімен байланысты емес, бірақ қарым-қатынастың жеткіліксіздігіне байланысты олар өзара әрекеттесудің жағымсыз тәсілдерін таңдайды.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ғылыми қауымдастық ерекше білім беру қажеттіліктерді түсінуге әсер ететін факторлардың бір бөлігін ғана қарастыратыны анықталды. Оқытушылармен қарым-қатынас және ынтымақтастық мәселелері мұғалімдердің мотивациясын қайта қарау және білім алушыларды бейімдеу әдістерін әзірлеу арқылы шешілуі мүмкін. Білім беру үрдісі бейінді мамандардың араласуын және университеттердегі психологтар институтын жетілдіруді талап етеді. Университеттер педагогикалық қызметтегі психологиялық факторға баса назар аудара отырып, ерекше білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету орталықтарына айналуы тиіс.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи