ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Аманова И
  • Ескалиева Б

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.014

Кілт сөздер:

шығармашылық, қабілет, шығармашылық қабілет, технология, кейс технологиясы, дамыту

Аннотация

Мақалада шығармашылық қабілет ұғымына түсініктеме беріледі, сонымен қатар шығармашылық қабілетті дамытудағы әдістер сипатталады. Шығармашылық қабілетті дамытудағы кейс технологиясына берген ғалымдардың анықтамасына талдау жасалып, кейс технологиясының құрамына кіретін әдістер талданып, оның артықшылықтары баса көрсетіледі.

Шығармашылық - ойлау, сезім, қарым-қатынаста көрінетін және жеке тұлғаны да, сол адамның іс-әрекетінің нәтижесін де сипаттайтын шығармашылық қабілеттер. Шығармашылық - ойлау, сезім, қарым-қатынастағы инерцияны жеңу процесі.

Кейс технологиясымен жұмыс жасау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады және түрлі қасиеттерін ашуға ықпал жасайды. Жаңа технологияның қарқынды дамуы ұстаздарды да, оқушыларды да білімнің шыңынан көрінуге жетелейді. Осы орайда, оқушыларға жаңа технологияның барлық түрлерін тиянақты меңгертіп, көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға қалыптастыруға ерекше назар аудару заман талабы. Тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды, келелі мәселелердің бірі.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи