ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Шегенова З. К. ЕНУ
  • Сламбекова Т.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.030

Кілт сөздер:

оқыту әдістемесі, белсенді оқыту, дағдылар, тарихи ойлау, тарихи ойлау концептілері, арихи ойлау дағдылары, тарихи білім, зерттеуге негізделген оқыту, тарихи деректер

Аннотация

. Қазіргі уақытта тарихты зерттеудің оқу-тәрбие мақсаттары қазақстандық білім беруді модернизациялау стратегиясымен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. 2016 жылдан бастап орта мектептерге енген жаңартылған білім беру мазмұны оқушыларға пәндік білім беруге ғана емес, сонымен қатар олардың пәндік дағдылары мен танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Фактологиялық білімнен гөрі оқушылардың бойында тарихи түсінік, тарихи ойлау дағдыларын дамытудың маңыздылығы халықаралық тәжірибеге және халықаралық зерттеулерге сай негізделіп отыр.

Еліміздегі демократиялық, азаматтық қоғамның қалыптасуы орта білім беру жүйесінің алдына еркін ойлайтын, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынатын, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсінетін тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр. Бұл мәселені шешудің бір әдісі – оқушылардың тарихи ойлау, тарихи білімі мен пәндік дағдыларын қалыптастырып, оларды сабақ барысында зерттеуге баулитын әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады. Осы мақалада тарих сабақтарында белсенді оқыту (active lerning), зерттеуге негізделген оқытуды (inquiry-based learning), тарихи ойлау концептілері (historical thinking concepts) арқылы оқыту әдістерінің оқу үдерісіне кіріктіріліп, қаншалықты тиімді қолданылып жатқаны қарастырылды.

Мақалада орта мектепте тарихты оқытуға қатысты әдеби шолу жасалынып, жалпы «тарихи білім мен дағды», «тарихи ойлау», «тарихи концепт» секілді кілтті түсініктердің арасындағы байланысқа интерпретация берілді. Арнайы жүргізілген зерттеу арқылы тарих сабақтарында оқушылар фактологиялық білімді игерумен қатар, тарихи оқиғалар, құбылыстар мен тарихи үдерістердің себеп-салдарлық байланысын, өзгерістер мен сабақтастықтарды қалайша анықтай алатыны зерттеліп, мұғалімдердің пәнді оқытудағы әдістемелік проблемалары мақалада талданды.    

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи