МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ (жаратылыстану пәні негізінде)

Автор(лар)

  • Ахмет А.Н. Еуразия ұлттық уневерситеті
  • Бегимова Г.А. Л,Н, Гумидев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Омирбекова Ж.К.3 Л,Н, Гумидев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.029

Кілт сөздер:

жаратылыстану пәні, оқулықтар, терминология, мектеп терминологиясы, жаратылыстану терминдері, төл термин, кірме термин, будан термин

Аннотация

Мектеп оқушыларының қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуда, қоршаған орта туралы ғылыми пайымын қалыптастыруда терминдік атаулар маңызды рөл атқарады. Сол себепті мектеп оқулықтарында берілетін терминдерге сараптама жүргізіп, терминдердің білім алушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлеріне сәйкестендіріліп беруіне назар салу өзекті болып отыр. Солардың ішінде бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға (1-6-сынып) табиғат, қоршаған орта туралы алғашқы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі – жаратылыстану пәні. Сондықтан біз өз зерттеуімізде жаратылыстану оқулықтарының терминологиялық аппараттының қалыптасуына, ондағы терминдердің дұрыс берілуіне сараптамалық талдау жасауды жөн көрдік.

Мектеп оқулықтарындағы, оның ішінде жаратылыстану оқулықтарындағы терминдерді меңгеру арқылы оқушылардың танымдық, коммуникациялық және ғылыми тілі, сөздік қоры қалыптасады. Сәйкесінше мақаламыздың мақсаты – жаратылыстану оқулықтарының ұғымдық-терминдік аппаратына, терминдердің қолданысына сараптамалық талдау жүргізу. Зерттеу жұмысының нысаны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі  ұсынған жаратылыстану оқулықтарында кездесетін терминдер болып саналады. Зерттеу барысында жинақтау, құрылымдық талдау, статистикалық талдау, сипаттау әдістері қолданылады. Зерттеудің нәтижесінде 1-6 сынып жаратылыстану оқулық терминдерінің ұлт тілі негізінде жасалған терминдер, будан терминдер, кірме терминдер, қосымша морфемасы ұлт тілінен болған терминдер құрылымдық топтарының сандық, пайыздық көрсеткіштері анықталды. Боз ала таң, дене сымбаты, жасанды бірлестіктер, табиғи бірлестіктер, биоценоз терминдердің қолданыс сипатына талдау жасалды. Зерттеу барысында ұсынылған тұжырымдар осы сала мамандарына тиімді ғылыми негіз ретінде қолданыла алады. Сондай-ақ оқулық терминдерін талдау үдерісіне әдістемелік көмек ретінде пайдаланылуы мүмкін. 

Автор биографиялары

Ахмет А.Н., Еуразия ұлттық уневерситеті

Phd докторант

Бегимова Г.А., Л,Н, Гумидев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ф.ғ.к.доцент

Омирбекова Ж.К.3, Л,Н, Гумидев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ф.ғ.к. доцент

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи