МЕДИА ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАКАЛАВР ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІ МЕДИАКОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Бейкутова А.М. Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages.
  • Кунакова К.О.
  • Сыдықжан А.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.010

Кілт сөздер:

медиа, медиа-технологиялар, шетел тілі құзыреттілігі, шетел тілі медиа құзыреттілігі, сандық білім беру платформалары, коммуникативті субқұзыреттілік, әлеуметтік-мәдени субқұзыреттілік, медиа-жүйеленген субқұзыреттілік

Аннотация

Бұл мақала бакалавр деңгейіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін медиа технологияларды пайдалануды зерттеуге арналған. Мақалада «медиа-технологиялар» түсінігіне анықтама беріліп, оның тарихы көрсетілді. «Шетел тілі коммуникативті құзыреттілігі» және «шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігі » ұғымдарына анықтама беріліп, сипатталды. Бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативті құзыреттілігінің субқұзыреттері ұсынылып, сипатталды. Бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін медиа технологияларды қолданудың өзектілігі түсіндірілді. Бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар кешені көрсетілді. Зерттеуге байланысты экспериментті ұйымдастыру үдерісі сипатталды. Жүргізілген эксперимент нәтижелері талданды. Зерттеудің мақсаты – бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін медиа технологияларды қолданудың мәнін зерттеу. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – зерттеу барысында алынған теориялық ережелер мен тұжырымдар бакалавр дәрежесіндегі журналистердің оқыту әдістемесіне ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері мәселені одан әрі қарастыру үшін теориялық негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін университеттің практикалық жұмысында, болашақ журналистермен жұмыс істейтін профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болады. Зерттеу бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар кешенін қолдану пайдалы болғанын дәлелдейді. Зерттеу оқырмандарға бакалавр дәрежесіндегі журналистің шетел тілі медиакоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру кезінде ұсынылған жаттығулар кешенін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи