БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУҒА ДАЯРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.008Кілт сөздер:
инклюзивті оқыту, педагогтар, педагогикалық даярлық, даярлық деңгейін диагностикалау, денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, құзыреттіліктер, құрылымдық компоненттері, деңгейАннотация
Зерттеу мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелерін анықтауға бағытталған. Негізгі мақсат - болашақ мұғалімдердің инклюзивті оқытатын мұғалімдер ретінде кәсіби дамуы үшін алған құзыреттері мен білімдерінің деңгейін анықтау. Инклюзивті білім беру шарттарына және болашақ мұғалімнің мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеуге даярлығына сәйкес келетін мотивациялық, мазмұндық, практикалық және бағалау критерийлері қарастырылды. Бұл зерттеуге Қазақстан Республикасының Шымкент және Алматы қалаларында орналасқан үш университеттің студенттері қатысты. Экспериментке 146 білім алушы қатысты (n=146), оның ішінде ерлер - 39%; әйелдер - 61%. Эксперимент 3 және 4 курс студенттерімен жүргізілді. Педагогикалық мамандықтардың болашақ педагог студенттерінің инклюзивті құзыреттілігінің үш деңгейі анықталды: төмен, орта және жоғары. Әрбір әдістеме бойынша болашақ педагогтың инклюзивті саясатты игеру деңгейі, инклюзивті білім беру теориясын игеру деңгейі, инклюзивті оқытуға ынталандыру деңгейі, инклюзивті оқыту практикасын қалыптастыру деңгейі айқындалды. Нәтижелер болашақ педагогтардың әртүрлілікке деген оң көзқарасын көрсетеді, алайда білімдерінде айтарлықтай олқылықтар бар. Болашақ мұғалімдердің инклюзивті оқытуға даярлығының маңызды сипаттамалары мен құрылымдық компоненттері анықталды. Бұл зерттеу сонымен қатар оң көзқарасты қалыптастыруда, алаңдаушылық деңгейін төмендетуде, әртүрлілік жағдайында оқытуды жақсартуда және мұғалімдердің әл-ауқаты үшін қорғаныс факторлары ретінде қызмет ететін инклюзивті әдістер мен тәжірибелерді әзірлеуге көмектесуде өзінің тиімділігін көрсетті.