БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИЗАЙН ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.008Кілт сөздер:
дизайн ойлау,, дағды, ойлау, болашақ маман, қалыптастыру, үдеріс, зерттеу,, әдіс,, білім беру,, ғылым, іс-әрекет, таным,, аналитика, белсенділік, шығармашылық,, икемділік, , эмоция, , жүйелілік,, интеллек,, қабілетАннотация
Мақалада ғалымдардың ғылыми еңбектерін теориялық тұрғыда талдау арқылы «ойлау» және «дизайн ойлау» ұғымдарының мәнін ашып, студенттердің дизайн ойлау дағдыларын оқу үдерісінде қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталды. Болашақ мамандардың дизайн ойлау дағдыларының қалыптастыру деңгейлерін анықтау үшін авторлар зерттеулерде ғалымдардың келтірген дизайн ойлау критерийлері мен құрамдас бөліктеріне, терминдеріне сүйендік. Дизайн ойлауды диагностикалау үш деңгейлік кезеңді пайдаланып, студенттердің дизайн ойлау дағдыларын қалыптастыру үдерісін жетілдіру негізінде танымдық, аналитикалық, белсенділік сияқты компоненттері ажыратылды. Зерттеудің тәжірибелік бөлімі жоспарланып, тиімді әдістер қолданылып тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүргізілді.
Дизайн ойлауын анықтауға арналған сауалнамалар өткізілді. «Сыни ойлау» концепциясын, Дж. Барреттің «Сыни талдау» әдістемесін, Майкл Чейфицтің логикалық қателерді табу қабілетін бағалау тест қолданылды. Педагогикалық эксперименттің анықтау кезеңінің алынған нәтижелері студенттердің дизайн ойлау деңгейінің төмендігін көрсетті. Бұл жоғары білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлауда оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістерді жасау немесе қолдану қажеттілігін көрсетті. Зерттеудің анықтау кезеңінің нәтижелері бойынша жұмыс жоспары жасалып, жүзеге асыру барысында болашақ мамандарды оқу үдерісінде дизайн ойлауын тиімділігін анықтау мәселесін шешу әрбір жүргізілген әдістердің нәтижелерін талдау негізінде көрсетілді. Анықтау және қалыптастыру зерттеу нәтижелерін салыстыра отырып, келесілер анықталды: дизайн ойлауды дамытудың бірде-бір кезеңдері жеткіліксіз деңгейді жоққа шығара алмады; студенттердің танымдық кезеңнің ең жоғары көрсеткішін көрсетті; дизайн ойлаудың аналитикалық құрамдас бөлігі ең үлкен қиындық туғызды, студенттердің 69%-ы ғана логикалық байланыстарды орындауға дайын екендерін көрсетеді, ал 13%-ы оларды орындауда өте қиынға соғатындығын білдірді. Зерттеу мәселесіне талдау жасай келе, дизайн ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін студенттердің бойына жауапкершілік пен дербестікті ынталандыру, танымдылық, креативтілік көзқарастарын жүзеге асыру, өзін-өзі дамытуға, бақылауға, жалпылауға, салыстыруға үйрену, зейіндерін арттыру арқылы ықпал жасауға мүмкіндік береді және дизайн ойлау дағдыларын қалыптастыру жеткіліксіз зерттелген құбылыс деп ойлап, зерттеу жұмысымыз әлі де жалғасын табуда. Критерийлерді бекіту арқылы дизайн ойлау дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылды.