КАРЛ ОРФ ЖӘНЕ СИНЪИТИ СУДЗУКИ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.028Кілт сөздер:
Карл Орф, Синъити Судзуки, Орф-педагогикасы, Судзуки әдісі, кіші жас, музыкалық іс-әрекеттер түрлері, импровизация,, скрипкада ойнау, шығармашылық, шығармашыл тұлға, музыка, балаларАннотация
Бұл мақалада авторлар Карл Орфтың (Германия) және Синъити Сузукидің (Жапония) кіші жастағы балалардың музыкалық тәрбиесіне қатысты педагогикалық тұжырымдамаларын қарастырады. Білетініміздей, олар өз өмірлерін балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесіне арнады және әлемдік музыкалық педагогикаға баға жетпес үлес қосты. Жетекші ғалымдар мен зерттеушілер олардың қызметіне жоғары баға беруде. Мақалада ғылыми дереккөздерді талдау, қысқаша өмірбаяндық ақпарат пен мәліметтер ұсынылған.
К.Орфтың композитор, музыкант және педагог ретінде қалыптасуына отбасындағы шығармашылық атмосфера әсер еткені расталды. Суырыпсалмаға (импровизация) ұмтылыс, музыка, өлеңдер мен әңгімелерді жазып шығару, театрландырылған қойылымдарды қою - «Орф-педагогикасы» атауымен балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесінің біртұтас жүйесінің пайда болуына ықпал етуде арқау болды. Оның негізгі қағидасы «үйренеміз-жасаймыз-шығарамыз» ұғымымен анықталады. Орфтың өз еңбегіндегі тірек болған әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер жас ұрпақты эмоционалды-шығармашылық және адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған.
Судзуки әдісінің бірегейлігі ерте жастан бастап музыкалық-орындаушылық іс-әрекет үдерісінде, атап айтқанда скрипка ойынында шығармашылық белсенділікті қалыптастыру қажеттілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, мақала материалдары Судзукидің «таланттарды тәрбиелеу әдісі»: әр баланың жағдайына қарамай, әрқайсысының музыкалық қабілеті бар деген сенімге сүйену; мұғалімнің жас орындаушыларға өз сүйіспеншілігін көрсете білуі; оларды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеуі; мұғалім мен ата-аналардың балаларды музыкалық тәрбиелеудегі бірлескен жұмысы; қамқорлық және өзара көмек көрсету деп түсінуін білдіреді.
К. Орф пен С. Судзукидің түрлі этнос өкілдері болуына, мәдениеті мен дәстүрлерінің айырмашылықтарына қарамастан, олардың педагогикалық көзқарастарында көп ұқсас тұстарын байқауға болады. Бұл, ең алдымен, балаларға деген үлкен сүйіспеншіліктерін көрсете білуі, олардың шығармашылық белсенділіктерін музыкамен қарым-қатынас үдерісінде ғана емес, сонымен бірге қоршаған әлеммен қарым-қатынаста тәрбиелеуге ұмтылуында болды.