ХИМИЯ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШЕТ ТІЛІ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КІРІКТІРІЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.023Кілт сөздер:
құзыреттілік, кіріктірілген оқыту, кәсіби коммуникативтік құзыреттілік, CLIL технологиясы, шетел тілі құзыреттілігі, тілдік емес мамандықтар, химия,, моделдеуАннотация
Бұл зерттеу органикалық химия пәні бойынша студенттердің шет тілі дағдылары мен пән мазмұнын дамыту үшін интеграцияланған мазмұн мен тілді оқыту (CLIL) әдісін қолдану мүмкіндігін зерттеуге бағытталған. Зерттеудің өзектілігі педагогикалық ЖОО үшін CLIL оқыту технологиясының қолдануға байланысты теориялық және әдістемелік оқу құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Ғылыми мақаланың мақсаты – CLIL негізінде болашақ химик мамандарының шет тілі кәсіби коммуникативті құзіреттілігін (ШТККҚ) қалыптастыруға бағытталған оқытуды ұйымдастыру моделдеуін даярлау және оның тиімділігін негіздеу. Осы мақсатқа жету үшін мақалада педагогикалық ЖОО студенттерінің ШТККҚ қалыптастырудың авторлық моделін енгізу нәтижелері және әртүрлі химия сабақтарында CLIL арқылы оқыту мен оқудың тиімділігі көрсетілген. Сондай-ақ, осы тәсілді жүзеге асыру үшін Quasse зерттеу әдісі қолданылды. Мәліметтерді алу үшін сұхбаттар, бақылаулар, сауалнамадан алынған деректерді талдау қолданылды. Зерттеу CLIL тәжірибесіндегі ЖОО мұғалімдеріне, сондай-ақ студенттердің ШТККҚ қалыптастыру мәселесімен айналысатын оқытушыларға пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері ұсынылған моделдеуді енгізу, ағылшын тілінде кәсіби салада еркін қарым-қатынас жасай алатын, сөйлеу дағдылары қалыптасқан болашақ химик мамандарды дайындау сапасын арттыратынын растайды.