ГЕЙМИФИКАЦИЯ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Мeтepбаeва К. М. НАО Казахский национальный женский педагогический университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.037

Кілт сөздер:

көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық қасиет, көшбасшылық феномені, геймификация, геймификация іс-әрекеті, геймификация әдісі, мектепке дейінгі ұйым

Аннотация

Бұл мақалада баланың дамуы мен тәрбиесі үдерісінде маңызды рөл атқаратын геймификацияның бала дамуындағы орны қарастырылады. Қазіргі заман талабына сәйкес еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы заманауи қарым-қатынас процестерін басқаруға дайын, көшбасшылық қабілеттерге ие жастарды тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда.

Мемлекеттік деңгейде қабылданған бірқатар құжаттар жас ұрпақтың көшбасшылық қасиеттерінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, көшбасшылық қасиеттерге ие белсенді жастарды даярлау қажеттілігі атап өтілген.

Мектепке дейінгі кезең – тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ең қолайлы, сезімтал кезең. Бұл уақытта баланың тұлғалық негізі қаланып, түрлі іс-шараларға қызығушылық артады, өзін-өзі тану және басқалармен қарым-қатынас жасау қабілеттері дамиды. Көшбасшылық феномені қазіргі қоғам үшін аса өзекті, сондықтан ол әлеуметтанушылардың, психологтардың және саясаттанушылардың назарын аударуда.

Көшбасшы және көшбасшылық ұғымдарына теориялық талдау жасалып, педагогикалық шарттары айқындалды. Сонымен қатар көшбасшылардың ерекше сипаттары анықталып, олар атқарушы, ұйымдастырушы, интеллектуал, сыншы сияқты топтарға жіктелді. Көшбасшылық стильдері де сараланып, харизматик, демократ, диктатор, анархист және т.б. үлгілері жүйеленді.

Балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ олардың әлеуметтік-эмоционалдық және шығармашылық дағдыларын дамыту деңгейлері зерттелді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта өсіп келе жатқан балалардың белсенді тұлғасын қалыптастыруда және көшбасшылық қасиеттерін дамытуда геймификация әдістерінің өзектілігі анықталды.

Геймификация әдістері арқылы балада қалыптасатын көшбасшылық қасиеттерге ұйымдастырушылық қабілеттер, дербестік, жауапкершілік, ұжымдық және командалық жұмыс дағдылары жатады. Негізгі назар геймификацияның рөлдік, квест, қимылды және басқа да түрлеріне аударылып, олардың тәжірибедегі нәтижелері талданды.

Зерттеу жұмысы мектепке дейінгі мекемедегі ересектер тобында жүргізілді, оған 30 бала қатысты. Зерттеу нәтижесінде геймификация әдісін қолдану арқылы балалардың көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасу және даму деңгейлері анықталып, жан-жақты талдау жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles