ПОСТ-ӘДІСТЕМЕЛІК ПЕДАГОГИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫТУДА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУДЫҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Дәуренбек С.Б. Abai Kazakh National Pedagogical University
  • Шаяхметова Д.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.024

Кілт сөздер:

салыстырмалы талдау әдісі, әдістемеден кейінгі педагогика, әдістемеден кейінгі стратегиялар, шеттілдік білім беру, түрік тілін оқыту, контент талдау, білім алушылардың пікірі, тиімді оқыту

Аннотация

Қазіргі таңда мәдениетаралық коммуникация кеңістігінде тілдерді үйрену күн өткен сайын маңызды болу үстінде. Нәтижесінде, оқытушылар мен сарапшылар екінші шетел тілін оқыту кезінде қандай оқыту әдістерін қолдану керектігін шешуде қиындықтарға тап болуда. Бұл мәселені шешу үшін әдістемеден кейінгі педагогиканың іргелі ұстанымдарына, оқу ортасына, оқушылардың қажеттіліктеріне және мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктеріне негізделген теориядан тәжірибеге немесе тәжірибеден теорияға сәйкес жаңа зерттеулер жүргізу өте маңызды. Салыстырмалы талдау – қазақ тілді үйренушілер түрік тілін шетел тілі ретінде үйрену кезінде кездесетін мәселелерді шешуде білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен бірге тілдің табиғатына негізделген оқытуды қамтамасыз ететін әдіс. Осы орайда, бұл зерттеудің мақсаты — әдістемеден кейінгі шеңберге сәйкес салыстырмалы талдаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Зерттеу сапалы зерттеу әдісіне негізделген. Зерттеу мақсатына жету үшін жартылай құрылымдық сұхбат нысаны пайдаланылды. Сұхбатқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінде түрік тілін шетел тілі ретінде оқып жатқан 15 студент қатысты. Деректерді талдау MaxQDA 24.4.0 бағдарламасымен “код-санат-тақырып” тәсіліне негізделген контент талдау арқылы жүргізілді. Нәтижелер бұл әдістің тілді қабылдаудағы қиындықтарды азайту, тілдік сананы арттыру, интуитивті эвристиканы белсендіру, тілдік дағдыларды біріктіру, білім алушының дербестігін қолдау, мәдени сананы арттыру сияқты әдістемеден кейінгі педагогиканың стратегиялардын қолдайтынын, осылайша оқу үрдісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес тиімді, қарапайым және қолайлы ететіндігін көрсетті. Бұл нәтижелер оқу бағдарламасын әзірлеу кезінде шетел тілін оқытуда теоретиктер мен тәжірибешілерге пайдалы болады деп күтілуде.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи