БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ- СПЕЦИФИКАЛЫҚ ТРАСК ПАРАМЕТРЛЕРІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.76.1.008Кілт сөздер:
TPACK фрэймворкі, болашақ химия мұғалімдері, химия пәні, технологиялық білім, пәндік білім, педагогикалық білім, TPACK курсы, химиялық-спецификалық TPACK тестіАннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты болашақ химия мұғалімдеріне 5 апталық TPACK курсының негізінде химия пәніне тән дағдыларды дамыту әсерін бағалауға бағытталған. Эксперименттік топтың қатысушылары («Химия мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша оқитын 4 курстың 32 студенті) химияны оқытуда технологияны қолдану бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын әзірленген курсқа, ал бақылау тобында типтік оқу жоспары бойынша оқыған 35 студент қатысты. Тиімділікті бағалау ретінде жалпы TRACK тесттерін қолданумен салыстырғанда химия мұғалімдерінің технологиялық, педагогикалық және пәндік білімдерін біріктіру деңгейін дәлірек бағалауға мүмкіндік беретін химиялық-спецификалық TPACK тесті қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтағы студенттердің технологиялық-пәндік, технологиялық-педагогикалық және интегративті дағдылары бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікті, сондай-ақ жалпы TPACK көрсеткіші бойынша артықшылықты көрсетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Топтар арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықтар TPACK курсының қажетті дағдыларды дамытудағы тиімділігін растайды. Қорытындылар химия пәні бойынша білім беру сапасын арттыру және технологияны өз тәжірибесіне тиімді кіріктіре алатын мұғалімдерді дайындау үшін химия пәні мұғалімдерін оқыту бағдарламаларына осындай курстарды енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу TPACK моделін химиялық білім беру ерекшеліктеріне бейімдей отырып, түсінуімізді тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл TPACK теориясы нақты пәндік салалардың дамуына септігін тигізеді. Алынған қорытындылар технологияны біріктіретін және химиялық мазмұнның ерекшеліктерін ескеретін химияны оқытудың тиімді әдістерін жасауға көмектесуі мүмкін. Тәжірибелік жағынан сынақ нәтижелерін химия саласындағы оқытушылық лауазымдарға үміткерлерді таңдау және бағалау кезінде олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті дағдылардың болуын қалыптастыруда пайдалануға болады.