СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІНДЕГІ LESSON STUDY: ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.013Кілт сөздер:
Lesson Study, іс-әрекетті зерттеу, зерттеу сабағы, рефлексия,, фокустық топ, бірлескен зерттеу, кәсіби даму, интерпретацияАннотация
. Мақалада Lesson Study тәсілі ұғымына түсініктеме бере отырып, тиімділігі мен мүмкіндітеріне қысқаша ақпарат берілген. Мақаланың зерттеу өзектілігінде фокустық топтың бірлескен тиімді әрекеттері білім алушылардың оқуына ең тиімді ықпал жасау жолдарын: яғни сабақты зерттеу тобы бірлесе жоспарлау, тақырып төңірегінде ақылдау, өз ойларын, ұсыныстарын ашық айтуға бағыттау, талқылау барысында таңдап алған проблема шешу құралдарын сабақта қолдану ерекшеліктері мен талқылау барысында туындаған өзгерістерді енгізудің маңыздылығын сипаттайды.
Lesson Study тәсілінің қолдану мүмкіндігін бірнеше шетелдік зерттеулерге теориялық талдау жасай отырып, жалпылау, жүйелеу, педагогикалық өнімдерді талдау және эксперименттік деректерді сапалық, статистикалық өңдеу әдістері қолданылады және тиімділігін шетелдік зерттеулер негізінде қолдану мүмкіндігінің механизмдері мен ғылыми тұжырымдары дәйектеледі. Жапония, Англия, АҚШ елдеріндегі тәжірибелері талданады.
Бітіруші курс студенттері Lesson Study форматындағы зерттеу тәжірибесінде жүргізген бірлескен сабақтарын талдау тұрғысында айқындалған. Ондағы фокустық топ мүшелері Lesson Study тәсілін қолдана отырып, А, В, С деңгейдегі оқушыларға бақылау әдісін жүргізу арқылы олардың топтағы іс-әрекетін, сабаққа деген ынталылығын және өз тәжірибесіндегі фактілерге сүйене отырып, алынған нәтижені бірлескен талқылау арқылы жүргізген. Зерттеу тәжірибесі оқытушы, зерттеуші студент пен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа тән маңыздылығын сипаттаған. Болашақ педагог мамандардың кәсіби біліктілігі олардың өзара әрекеттесуінен: бір-бірінің сабақтарына қатысу және оларды талқылау, бір-біріне кері байланыс беру арқылы ой-тұжырымдарын айқындай білген. Сабақты, оқу материалдарын зерттеуді және сабақ элементтеріне өзгерістер енгізуді үйлестіруде оқытудың әртүрлі нысандары бір жүйеге келтіре отырып зерделенген.