ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖАПОН ГЕОГРАФИЯ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.035Кілт сөздер:
білім беру, экологиялық білім беру, экологиялық оқу-ағарту, педагогикалық тәсіл, оқыту әдістемесі, жобалық оқыту, оқулықтар, оқулық мазмұнын талдау, тұрақты дамуАннотация
Бұл мақалада Қазақстанның білім беру саласындағы экологиялық оқу-ағарту үдерісі қарастырылады, себебі қазіргі таңда экологияны қорғау туралы Ұлттық жоспар және «Қазақстан экологиясы», «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары сынды стратегиялық бастамаларда тұрақты даму принциптері көрініс табуда. Сондықтан зерттеудің өзектілігі халықаралық тәжірибені, атап айтқанда экологиялық оқу-ағартудың тиімді әдістері мен экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруда нәтиже көрсетіп отырған Жапонияның білім беру жүйесін зерттеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – Қазақстан мен Жапония география оқулықтарындағы экологиялық білім берудің педагогикалық тәсілдерін салыстырып, үздік тәжірибелерді анықтау және оларды Қазақстанға бейімдеу жөнінде ұсыныстар жасау. Зерттеу әдістері қазақ және жапон оқулықтарына талдау жасау, оқу материалдарының құрылымы мен мазмұнын салыстырмалы талдау, мұғалімдер мен оқушылар арасында экологиялық оқу-ағарту әдістерінің қабылдануы мен тиімділігін бағалау үшін сауалнама жүргізуден тұрады. Сауалнама 50 қатысушыны қамтыды (20 мұғалім және 30 оқушы), бұл экологиялық тақырыптар мен оқыту әдістерін қабылдауды бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері Жапония білім беру саласында инновациялық оқыту әдістерін, мысалы, жобалық оқыту мен сыни ойлауды дамытуды белсенді қолданатынын, ал Қазақстанда дәстүрлі әдістер – дәрістер мен теориялық тапсырмалар басым екенін көрсетті. Жапон оқулықтарында практикаға бағдарланған географиялық-экологиялық тапсырмалар, мысалдар көп, бұл оқушыларды экологиялық мәселелерді шешуге тартуға жақсы ықпал етеді. Қорытындысында, жүргізілген талдау негізінде ұсыныстар жасалынды: қазақ орта мектептеріне жобалық оқытуды енгізу, бағалаудың қалыптастырушы әдістерін қолдану, көп салалы оқу материалдарын әзірлеу, ата-аналарды белсенді қатыстыру және білім беру үдерісінде технологияларды пайдалану. Бұл шаралар Қазақстандағы мектеп оқушылары арасында экологиялық жауапкершілікті дамытуға және елдің тұрақты дамуына үлес қосуға көмектеседі.