БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ БАЗАСЫНДА КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСІНДЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖОБАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.019Кілт сөздер:
математика, оқыту үрдісі, көптілді білім беру, білім беру орталығы, аудиалдар, виузалдар, кинестеттерАннотация
Осы мақалада көптілді ортада математика пәнін оқыту үрдісін ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен мәселелері сипатталған. Мақаланың мақсаты математика сабағында білім алушылардың пәндік-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін факторларды анықтау болып табылады. Көптілді білім беру жағдайында, білім беру орталықтары мен жалпы орта білім беретін мектептер негізінде математика мұғалімі жұмысының айрықша ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада жалпы білім беретін мектеп мұғалімімен салыстырғанда қосымша білім беру орталығы мұғалімі жұмысының артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы көптілді оқытуды дамыту мен енгізудің ерекшеліктері сипатталған. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласындағы (Қазақстан) "Genius" қосымша білім беру лингво-математикалық орталығының базасында жүргізілді. Көптілді оқыту контексінде математика сабағын оқыту үрдісінің тиімділігін арттыратын оқыту әдістері сипатталған, олардың бірі репрезентативтік жүйені ескере отырып, оқыту болып табылады. Мақалада репрезентативтік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің зерттеу нәтижелері келтірілген. Оқушыларды аудиал, визуал және кинестет сияқты репрезентативтік жүйелеріне бөлудің ерекшелігі жаңа білім алудың алғашқы кезеңдерінде оқу үрдісін оңтайландырумен