STEM-ДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ: ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН STEM-ЖОБАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.017Кілт сөздер:
ойлау, инженерлік ойлау, білім беру, STEM-білім беру, STEM-жобасы, білім берудегі жасанды интеллект, STEM-педагогті даярлау, дамуАннотация
Қазақстанда педагог кадрларды даярлауда STEM-технологияларын енгізуде бірқатар проблемалар бар. Олар мұғалімдердің STEM-білім беруді енгізуге жеткіліксіз дайындығымен және орта білімнің оқу бағдарламаларын интеграциялау тәжірибесінің болмауымен байланысты. Сонымен бірге инженерлік білім беру жағдайында болашақ STEM мұғалімдерін даярлау мазмұнына қатысты зерттеулер де шектеулі. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты - ұсынылып отырған жоба негізіндегі интеграцияланған STEM оқытудың педагогикалық ЖОО студенттерінің инженерлік ойлауын дамытуға қалай әсер ететінін түсіну. Зерттеуде студенттердің STEM-жобаларды жасау кезінде әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін алынған дағдылары бар ақпараттық карта негізінде инженерлік ойлау дағдыларын өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды. Оқыту әдістемесін қолданғанға дейін және одан кейінгі нәтижелерді өлшеуге арналған зерттеуге педагогикалық ЖОО-ның 162 студенті қатысты. Бұл зерттеу экспериментке қатысқан студенттердің инженерлік ойлау деңгейін едәуір арттырғанын (инженерлік ойлаудың даму деңгейінің орташа балы 3,57-ден 4,16-ға дейін өсті) және өздерін ғылыми, техникалық және инженерлік салаларда табысты мансапқа қажетті білім және дағдылармен қамтамасыз еткенін көрсетті. Нәтижелер инженерлік ойлауды дамытуға бағытталған жобалар негізінде интеграцияланған STEAM оқытудың тиімділігін көрсетті. Әмбебап STEM- педагогті даярлау кезінде университеттерде интеграцияланған STEM оқытудың ұсынылған әдістемесін қолдану ұсынылады.