JAVA БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ, УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ МЕН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Боранкулов Б.А. НАО Южно-Казахстанский педагогический университет имени Өзбекәлі Жәнібеков
  • Керімбеков Е.Р.
  • Уалиханова Б.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.004

Кілт сөздер:

білім беру платформалары, бағдарламалауды оқыту, геймификация, университетте бағдарламалау, информатика мұғалімдері, Java бағдарламалау тілі, білім беру процесі, бағдарламалау тілін таңдау

Аннотация

Бағдарламалауды үйрену барысында білім алушылардың көпшілігі материалдарды түсіну қиындықтарына тап болады. Бұл жағдай болашақ информатика мұғалімдерін оқытуда жаңа тәсілдерді енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, информатика пәні мұғалімдерін даярлау кезінде университетте оқу үшін, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын, әртүрлі салаларда бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуде кеңінен қолданылатын және бағдарламалаудың негізгі парадигмаларын оқыту үшін, үйренуге қиын болмайтын бағдарламалау тілін анықтау өте маңызды. Мақалада бағдарламалауды зерттеу кезінде туындайтын ерекшеліктер мен қиындықтар қарастырылды, сауалнаманың жауаптарының, шетелдік және отандық авторлардың әдебиеттері шолуының негізінде талдау жасалынды. Талдау информатика пәні мұғалімдерін даярлау кезінде университетте оқу үшін Java бағдарламалау тілін қолданудың нысаналылығына, білім беру процесіне онлайн платформаны енгізуге, сондай-ақ оқыту әдісі ретінде геймификацияны қолдануға қатысты мәселелер қозғалады.  Сауалнамаға информатика пәні бойынша мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курстың 149 студенті қатысты: оның 45-і Ж.А. Тәшенев атындағы университетте, 69 студент Ө. Жәнібеков  атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Орталық Азия Инновациялық университетінде 35 студент оқиды. Зерттеу нәтижелері Java бағдарламалау тілінің өзектілігі мен қажеттілігін, сондай-ақ университеттегі білім беру процесіне геймификация элементтері бар онлайн платформаны енгізу қажеттілігін анықтады. Бұл жұмыс жоғары оқу орындарына информатика пәнінен мұғалімдерді даярлау бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде, сондай-ақ бағдарламалау тілдерін оқыту әдістемесін әзірлеу кезінде оқытушыларға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles