The «SOFT CLIL» КОНТЕКСТІНДЕ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.018%20Кілт сөздер:
Пәндік-тілдік интегративтік оқыту, жоба негізінде оқыту, шетел тілін үйрену, мотивация, сабаққа атсалысу, сын тұрғысынан ойлау, CLIL, PBLАннотация
Білім алушыларға пәндік-тілдік интегративтік оқыту (ПТИО) сияқты бейтаныс әдіснамамен ғылыми пәнді (Химия, Биология) үйрету, сонымен қатар технологиялық тұрғыдан дамыған әлемнің адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтіретін қиындықтары осы зерттеуді жүргізуге түрткі болды. Зерттеу үштілді білім беру контекстінде жобалық оқыту әдісін қолдануға, болашақ ағылшын тіл мұғалімдерінің топтық талқылаулар мен шетел тілінде күнделікті өмір жағдайларына қолдануға және бұл пәнді меңгеру мен шетел тілін үйренуді қатар дамытуға бағытталған. Бұл зерттеу үшін ағылшын тілі мамандығында оқитын 20 студенттің ағылшын тілі дағдыларын бағалау мақсатында құрылымдық бақылау арқылы сапалық әдіс қолданылды. Бақылау барысында алдын ала анықталған көрсеткіштерге, соның ішінде мотивация, тілдік дағдылар, жоба барысында атсалысу мен ынтымақтастық және сыни ойлау қабілеттеріне назар аударылды. Зерттеуде қатысушылардың мінез-құлқын объективті түрде қадағалау үшін белгілеу парағы арқылы сипаттамалық талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде студенттердің сөйлеу еркіндігі мен сөздік қорын жақсарғанын, бірақ жалпы тілдік дағдылар, әсіресе жазу, грамматика және тыңдау салаларында шектеулі прогресс байқалғанын көрсетті. Көбіне студенттердің мотивациясы артқанымен, жобалық және зерттеу дағдыларының жетіспеушілігі кейбір студенттердің толық қатысуына және сыни ойлау дағдыларының дамуына кедергі келтірді. Салалық терминдердің жетіспеушілігінен туындаған мәселелерді шешуде, сөйлеу еркіндігін арттыруда және ынтымақтастықты дамытуда транслингвация өте пайдалы болды. Зерттеу барысында қолданылған жоба жоспарлары пәннің оқу бағдарламасына енгізіліп, пән оқытушылары сабақ жоспарымен сәйкес келетін нақты тақырыптарды таңдап, жобалық оқыту әдісін өз сабақтарында қолдана алады.